«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16 - бабының 3 - тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығының негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9432 нөмірімен тіркелген) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
«Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3275 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 26 мамырдағы № 58 (16995) «Дидар», 2014 жылғы 24 мамырдағы № 58 (19505) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай - ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
мынадай мазмұндағы 9 - тармақпен толықтырылсын:
«9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс - қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс - қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің 2 - қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб - порталында, қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылған.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2 - қосымшамен толықтырылсын.
2.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы |
|
«Ғибадат үйлерін |
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: