"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 мамырда № 9432 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 77 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 232 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

      5-тармақтың 4) тармақшасындағы "әзірлеу болып табылады." деген сөздер "әзірлеу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында өңіраралық кооперацияны дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      6) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігі (бұдан әрі – БЭК) жағдайында экономиканы дамыту, өндірісті кеңейту, басқару тиімділігі мен ғылыми-техникалық прогресті арттыруды ынталандыру, тауар нарықтарында ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.".

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) БЭК шеңберінде жаңғырту және инновациялық технологиялық дамыту мен өнеркәсіптік кооперация саласындағы өзара келісілген шешімдер негізінде БЭК шеңберінде өнеркәсіптік саясат жүргізуде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді.".

      2. "Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өңіраралық кооперацияны дамытуды үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1797 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов