РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9432) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 59 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3243, 2014 жылғы 7 мамырдағы № 50 (16987) "Дидар", 2014 жылғы 6 мамырдағы № 50 (19497) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
8- тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
"Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттауы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасында көрсетілген.";
мынадай мазмұндағы 9 тармақпен толықтырылсын:
"9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.";
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлеріне су беру қызметтерiнiң құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша";
осы қаулының қосымшасына сәйкес 2 қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
"Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлеріне су беру қызметтерiнiң
құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: