Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі N 253 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қазанда N 3515 болып тіркелді

Жаңартылған
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.10.2015 № 260 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.09.2015 № 246 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) "Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) "Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      5) "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.09.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.10.2015 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      

Облыс әкімі
Б. Сапарбаев
 

  Шығыс Қазақстан облысы
  әкімдігінің
  2014 жылғы " 24 " қыркүйектегі
  № 253 қаулысымен
  бекітілді

"Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.10.2015 № 260 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

  Шығыс Қазақстан облысы
  әкімдігінің
  2014 жылғы " 24 " қыркүйектегі
  № 253 қаулысымен
  бекітілді

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.09.2015 № 246 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

  Шығыс Қазақстан облысы
  әкімдігінің
  2014 жылғы " 24 " қыркүйектегі
  № 253 қаулысымен
  бекітілді

"Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тиесілі бюджеттік субсидияларды қызмет алушылардың банктік шоттарына одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 қаулысымен бекітілген "Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - -Стандарт) 1 және/немесе 2 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша қызмет алушының өтінімінің болуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1-іс-қимыл – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрады.
      Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады;
      2-іс-қимыл – бөлiм субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін белгілейді, сондай-ақ интернет-ресурста және ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы, ВАК-тың жұмыс тәртiбi туралы ақпаратты және басқа да қажеттi мәлiметтердi жариялайды;
      3-іс-қимыл – облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – басқарма) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру шығындарының құнын субсидиялау жөніндегі облыстың ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын оны бекіткеннен кейін жергiлiктi атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      4-іс-қимыл – облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісім бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидиялардың нормалары белгіленеді;
      5-іс-қимыл – Стандарттың 9-тармағында көзделген қызмет алушының өтінімі мен құжаттарын бөлімнің қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
      6-іс-қимыл – бөлім қызмет алушы ұсынған құжаттарды тексереді. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      7-іс-қимыл – бөлім ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсанынан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей, ал төртінші тоқсанда – 1 қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 695 қаулысымен бекітілген Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрi – Қағидалар) 10-тармағына сәйкес қызмет алушылардың тізбесін қалыптастырады және аудан, облыстық маңызы бар қала әкіміне бекітуге жібереді. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      8-іс-қимыл – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі қызмет алушылардың тізбесін бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      9-іс-қимыл – бөлім қызмет алушылардың бекітілген тізбесін басқармаға жібереді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      10-іс-қимыл – басқарма аудандар және облыстық маңызы бар қалалар бойынша тізбелерді қарайды және Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет алушылардың алдын ала тізбесін жасайды. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      11-іс-қимыл – ВАК ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін, ал төртінші тоқсанда – тиісті жылғы 10 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде жергілікті жерге барып:
      Қағидаларға 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызудың, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін (бұдан әрі – отырғызу актісі);
      осы Қағидаларға 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) жасайды;
      12-іс-қимыл – ВАК тоқсан сайын, ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсанынан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі, бірақ 15 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде аудан, облыстық маңызы бар қала бойынша қызмет алушылардың түпкілікті тізбелерін қалыптастырады, одан кейін оларды аудан, облыстық маңызы бар қала әкіміне бекітуге жібереді;
      13-іс-қимыл – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі қызмет алушылардың тізбелерін бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      14-іс-қимыл – бөлім әрбір қызмет алушы бойынша бекітілген тізбелерді, өтінімдерді, отырғызу актілерін және әрбір қызмет алушы бойынша тексеру актілерін басқармаға жібереді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      15-іс-қимыл – басқарма ұсынылған құжаттарды қарайды. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      16-іс-қимыл – басқарма құжаттарды қарағаннан кейін Қағидаларға 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет алушылардың түпкілікті тізбесін жасайды және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      17-іс-қимыл – басқарма өтінім ұсынған қызмет алушыларға қабылданған шешім туралы жазбаша хабарламаны:
      теріс шешім болған жағдайда – өтінімді қайтару себебін көрсете отырып;
      мәлімделген алқаптарды барабар бөлген жағдайда – отырғызылғаннан кейін субсидиялауға жататын алаңның көлемін көрсете отырып жібереді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      18-іс-қимыл – басқарма растаушы құжаттардың негізінде Қағидаларға 7 қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомость қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      19-іс-қимыл – басқарма облыс әкімі бекіткеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімі мен төлем шоттарын екі данада ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызмет алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті жылдың 1 (бірінші) желтоқсанына дейін.
      6. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі ВАК құру болып табылады, ол 2-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі ВАК-тың жұмыс тәртібін жергілікті БАҚ-та жариялау болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын интернет-ресурста орналастыру болып табылады, ол 4-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі субсидиялар нормаларын белгілеу болып табылады, олар 5-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушының қабылданған өтінімдері мен құжаттары болып табылады, олар 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушының құжаттарын тексеру болып табылады, ол 7-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың тізбесін қалыптастыру және аудан, облыстық маңызы бар қала әкіміне бекітуге жіберу болып табылады, ол 8-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 8-іс-қимылдың нәтижесі әкімнің қызмет алушылардың тізбесін бекітуі болып табылады, ол 9-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 9-іс-қимылдың нәтижесі бекітілген қызмет алушылардың тізбесін басқармаға жіберу болып табылады, ол 10-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 10-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың алдын ала тізбесін жасау болып табылады, ол 11-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 11-іс-қимылдың нәтижесі отырғызу актісін және тексеру актісін жасау болып табылады, олар 12-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 12-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың түпкілікті тізбелерін қалыптастыру және аудан, облыстық маңызы бар қала әкіміне бекітуге жіберу болып табылады, ол 13-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 13-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың тізбесін бекіту болып табылады, ол 14-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 14-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың тізбесін және құжаттарын басқармаға жіберу болып табылады, олар 15-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 15-іс-қимылдың нәтижесі ұсынылған құжаттарды қарау болып табылады, ол 16-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 16-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың түпкілікті тізбесін жасау және оны облыс әкіміне бекітуге ұсыну болып табылады, олар 17-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 17-іс-қимылдың нәтижесі жазбаша хабарламаларды жіберу болып табылады, олар 18-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 18-іс-қимылдың нәтижесі ведомость қалыптастыру болып табылады, ол 19-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 19-іс-қимылдың нәтижесі төлем шоттарының тізілімі мен төлем шоттарын ұсыну болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі;
      2) ВАК;
      3) бөлім;
      4) басқарма;
      5) аумақтық қазынашылық бөлімшесі.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
      1) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі ВАК құрады;
      2) бөлiм субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін белгілейді, сондай-ақ интернет-ресурста және ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы, ВАК-тың жұмыс тәртiбi туралы ақпаратты және басқа да қажеттi мәлiметтердi жариялайды;
      3) басқарма жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру шығындарының құнын субсидиялау жөніндегі облыстың ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын оны бекіткеннен кейін жергiлiктi атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      4) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен уәкілетті органмен келісім бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидиялардың нормалары белгіленеді;
      5) Стандарттың 9-тармағында көзделген қызмет алушының өтінімі мен құжаттарын бөлімнің қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
      6) бөлім қызмет алушы ұсынған құжаттарды тексереді. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      7) бөлім ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсанынан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей, ал төртінші тоқсанда – 1 қарашадан кешіктірмей Қағидалардың 10-тармағына сәйкес қызмет алушылардың тізбесін қалыптастырады және аудан, облыстық маңызы бар қала әкіміне бекітуге жібереді. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      8) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі қызмет алушылардың тізбесін бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      9) бөлім қызмет алушылардың бекітілген тізбесін басқармаға жібереді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      10) басқарма аудандар және облыстық маңызы бар қалалар бойынша тізбелерді қарайды және Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет алушылардың алдын ала тізбесін жасайды. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      11) ВАК ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін, ал төртінші тоқсанда – тиісті жылғы 10 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде жергілікті жерге барып, отырғызу актісін және тексеру актісін жасайды;
      12) ВАК тоқсан сайын, ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсанынан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі, бірақ 15 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде аудан, облыстық маңызы бар қала бойынша қызмет алушылардың түпкілікті тізбелерін қалыптастырады, одан кейін оларды аудан, облыстық маңызы бар қала әкіміне бекітуге жібереді.
      13) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі қызмет алушылардың тізбелерін бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      14) бөлім әрбір қызмет алушы бойынша бекітілген тізбелерді, өтінімдерді, отырғызу актілерін және әрбір қызмет алушы бойынша тексеру актілерін басқармаға жібереді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      15) басқарма ұсынылған құжаттарды қарайды. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      16) басқарма құжаттарды қарағаннан кейін Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет алушылардың түпкілікті тізбесін жасайды және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      17) басқарма өтінім ұсынған қызмет алушыларға қабылданған шешім туралы жазбаша хабарламаны:
      теріс шешім болған жағдайда – өтінімді қайтару себебін көрсете отырып;
      мәлімделген алқаптарды барабар бөлген жағдайда – отырғызылғаннан кейін субсидиялауға жататын алаңның көлемін көрсете отырып жібереді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      18) басқарма растаушы құжаттардың негізінде Қағидаларға 7 қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомость қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      19) басқарма облыс әкімі бекіткеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімі мен төлем шоттарын екі данада ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
      Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламентке 1 қосымшаға сәйкес, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

 

  "Жемiс-жидек дақылдары мен
  жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн
  отырғызу және өсiру (оның
  iшiнде қалпына келтiру)
  шығындарының құнын с
  бсидиялау" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет
  регламентіне
  1 қосымша

Әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасы

      


      
      


      
      


 

  "Жемiс-жидек дақылдары мен
  жүзiмнiң
  көпжылдық екпелерiн отырғызу
  және өсiру (оның iшiнде
  қалпына келтiру)
  шығындарының құнын
  субсидиялау" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет
  регламентіне
  2 қосымша

"Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


      
      


      
      


Шартты белгілер:

      


      
      *ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа
      қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қимылдары.

 

  Шығыс Қазақстан облысы
  әкімдігінің
  2014 жылғы " 24 " қыркүйектегі
  № 253 қаулысымен
  бекітілді

"Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тиесілі бюджеттік субсидияларды қызмет алушылардың банктік шоттарына одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 қаулысымен бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет алушының өтінімінің болуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1-іс-қимыл – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрады.
      Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады;
      2-іс-қимыл – бөлiм субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзiмдерiн белгілейді, сондай-ақ ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы, ВАК-тың жұмыс тәртiбi туралы ақпаратты және басқа да қажеттi мәлiметтердi жариялайды;
      3-іс-қимыл – аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша субсидиялардың көлемдері облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары белгіленеді;
      4-іс-қимыл – облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – басқарма) тыңайтқыштар құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау жөніндегі облыстың ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын облыстың жергiлiктi атқарушы органының интернет-ресурсында орналастырады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      5-іс-қимыл – Стандарттың 9-тармағында көзделген қызмет алушының өтінімі мен құжаттарын бөлімнің қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
      6-іс-қимыл – бөлім қызмет алушылар ұсынған құжаттарды тексереді және ВАК-тың қарауына енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      7-іс-қимыл – ВАК бөлім ұсынған қызмет алушылардың құжаттарын қарайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларының (бұдан әрi – Қағидалар) 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тiзiмді қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
      8-іс-қимыл – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі қызмет алушылардың тізімін бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      9-іс-қимыл – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі қызмет алушылардың тізімін бекіткеннен кейін бөлім ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, қызмет алушылардың тізімін орналастырады және оны басқармаға ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      10-іс-қимыл – бөлім тізім ұсынғаннан кейін басқарма Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмiн жасайды. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      11-іс-қимыл – арзандатылған құн бойынша сатылған тыңайтқыштар үшiн субсидиялар алу үшiн басқарма арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмiн жасағаннан кейін оны өндiрушiге ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      12-іс-қимыл – тыңайтқыштар өндiрушi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде басқармаға Қағидалардың 21-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      13-іс-қимыл – басқарма тыңайтқыштар өндiрушi құжаттарды ұсынған сәттен бастап оларды тексереді, субсидиялар көлемін айқындайды, Қағидалардың 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша актiнi жасайды, бекiтедi және өндiрушiге жібереді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      14-іс-қимыл - мыналардан:
      1) ағымдағы жылы өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден;
      2) алдыңғы жылғы 4-тоқсанда өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алу үшін басқарма қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмiн жасағаннан кейін олардың негізінде қызмет алушыларға субсидия төлеу үшін Қағидалардың 6 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ведомость қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      15-іс-қимыл - тиесілі субсидияларды қызмет алушылардың банктік шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарын қоса бере отырып, төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызмет алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті жылдың 1 (бірінші) желтоқсанына дейін.
      6. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі ВАК құру болып табылады, ол 2-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі ВАК-тың жұмыс тәртібін жергілікті БАҚ-та жариялау болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі аудандар бойынша субсидиялардың көлемдерін, сондай-ақ субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және 1 тоннаға (литрге, килограмға) арналған субсидиялардың нормаларын белгілеу болып табылады, олар 4-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын интернет-ресурста орналастыру болып табылады, ол 5-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың қабылданған өтінімдері мен құжаттары болып табылады, олар 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 6-тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың құжаттарын тексеру және ВАК-тың қарауына енгізу болып табылады, олар 7-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-іс-қимылдың нәтижесі тізімді қалыптастыру болып табылады, ол 8-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 8-іс-қимылдың нәтижесі әкімнің тізімді бекітуі болып табылады, ол 9-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 9-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың тізімін интернет-ресурста орналастыру және оны басқармаға ұсыну болып табылады, ол 10-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 10-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмiн жасау болып табылады, ол 11-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 11-іс-қимылдың нәтижесі тыңайтқыш өндiрушiге жиынтық тізілімді ұсыну болып табылады, ол 12-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 12-іс-қимылдың нәтижесі өндірушінің Қағидалардың 21-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынуы болып табылады, олар 13-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 13-іс-қимылдың нәтижесі Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша актiнi жасау, бекiту және өндiрушiге жіберу болып табылады, ол 14-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 14-іс-қимылдың нәтижесі Қағидалардың 6 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ведомость қалыптастыру болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 15-іс-қимылдың нәтижесі тиесілі субсидияларды қызмет алушылардың банктік шоттарына аудару болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі;
      2) ВАК;
      3) бөлім;
      4) басқарма;
      5) аумақтық қазынашылық бөлімшесі.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
      1) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі ВАК құрады;
      2) бөлiм субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін белгілейді, сондай-ақ ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы, ВАК-тың жұмыс тәртiбi туралы ақпаратты және басқа да қажеттi мәлiметтердi жариялайды;
      3) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша субсидиялардың көлемдері облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары белгіленеді;
      4) басқарма тыңайтқыштар құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау жөніндегі облыстың ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын облыстың жергiлiктi атқарушы органының интернет-ресурсында орналастырады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
      5) Стандарттың 9-тармағында көзделген қызмет алушының өтінімі мен құжаттарын бөлімнің қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
      6) бөлім қызмет алушылар ұсынған құжаттарды тексереді және ВАК-тың қарауына енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      7) ВАК бөлім ұсынған қызмет алушылардың құжаттарын қарайды және Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тiзiмді қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
      8) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі тізімді бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      9) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі қызмет алушылардың тізімін бекіткеннен кейін бөлім ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, қызмет алушылардың тізімін орналастырады және оны басқармаға ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      10) бөлім тізімді ұсынғаннан кейін басқарма Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмiн жасайды. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      11) арзандатылған құн бойынша сатылған тыңайтқыштар үшiн субсидиялар алу үшiн басқарма арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмiн жасағаннан кейін оны өндiрушiге ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      12) өндiрушi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде басқармаға Қағидалардың 21-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      13) басқарма өндiрушi құжаттарды ұсынған сәттен бастап оларды тексереді, субсидиялар көлемін айқындайды, Қағидалардың 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша актiнi жасайды, бекiтедi және өндiрушiге жібереді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      14) мыналардан:
      1) ағымдағы жылы өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден;
      2) алдыңғы жылғы 4-тоқсанда өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алу үшін басқарма қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмiн жасағаннан кейін олардың негізінде қызмет алушыларға субсидия төлеу үшін Қағидалардың 6 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ведомость қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      15) тиесілі субсидияларды қызмет алушылардың банктік шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарын қоса бере отырып, төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.
      Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламентке 1 қосымшаға сәйкес, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

 

  "Тыңайтқыштардың
  (органикалық тыңайтқыштарды
  қоспағанда) құнын
  субсидиялау" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет
  регламентіне
  1 қосымша

Әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасы

      


      
      


      
      


 

  "Тыңайтқыштардың
  (органикалық тыңайтқыштарды
  қоспағанда) құнын
  субсидиялау" мемлекеттік
  көрсетілетін
  қызмет регламентіне
  1 қосымша

"Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


      
      


      
      


Шартты белгілер:

      


      
      *ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қимылдары.

 

  Шығыс Қазақстан облысы
  әкімдігінің
  2014 жылғы " 24 " қыркүйектегі
  № 253 қаулысымен
  бекітілді

"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер

      1. "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттiк қызмет) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тиесілі бюджеттік субсидияларды қызмет алушылардың банктік шоттарына одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 қаулысымен бекітілген "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 және/немесе 5 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша қызмет алушының өтінімінің болуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1-іс-қимыл – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрады.
      Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады;
      2-іс-қимыл – бөлiм субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін белгілейді, сондай-ақ ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы, ВАК-тың жұмыс тәртiбi туралы ақпаратты және басқа да қажеттi мәлiметтердi жариялайды;
      3-іс-қимыл – аудандар бойынша субсидиялардың көлемдері облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша:
      1) субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары;
      2) субсидияланатын биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың түрлері және биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілерден сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 грамына (данасына) арналған субсидиялар нормалары белгіленеді.
      4-іс-қимыл – Стандарттың 9-тармағында көзделген қызмет алушының өтінімі мен құжаттарын бөлімнің қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
      5-іс-қимыл - бөлім қызмет алушылар ұсынған құжаттарды тексереді және ВАК-тың қарауына енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      6-іс-қимыл – ВАК бөлім ұсынған қызмет алушылардың құжаттарын қарайды және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2 және/немесе 6 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тізімдерді қалыптастырады және оларды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жібереді. Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
      7-іс-қимыл – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі тізімдерді бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      8-іс-қимыл – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі қызмет алушылардың тізімдерін бекіткеннен кейін бөлім ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, қызмет алушылардың тізімдерін орналастырады және оларды басқармаға ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      9-іс-қимыл – бөлім тізімді ұсынғаннан кейін басқарма Қағидалардың 3 және/немесе 7 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмiн жасайды. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      10-іс-қимыл – басқарма қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмдерi негiзiнде Қағидалардың 4 және/немесе 8 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қызмет алушыларға субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      11-іс-қимыл – тиесілі субсидияларды қызмет алушылардың банк шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарымен қоса төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызмет алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті жылдың 1 (бірінші) желтоқсанына дейін.
      6. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі ВАК құру болып табылады, ол 2-іс-қимылды бастау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі ВАК-тың жұмыс тәртібін жергілікті БАҚ-та жариялау болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін, сондай-ақ субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, субсидияланатын биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың түрлері және биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілерден сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 грамына (данасына) арналған субсидиялар нормаларын белгілеу болып табылады, олар 4-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушының қабылданған өтінімдері мен құжаттары болып табылады, олар 5-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушының құжаттарын тексеру және оларды ВАК-тың қарауына ұсыну болып табылады, ол 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың тізімдерін қалыптастыру болып табылады, ол 7-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-іс-қимылдың нәтижесі әкімнің қызмет алушылардың тізімін бекітуі болып табылады, ол 8-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 8-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың тізімдерін интернет-ресурста орналастыру және оларды басқармаға ұсыну болып табылады, олар 9-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 9-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмiн жасау болып табылады, ол 10-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 10-іс-қимылдың нәтижесі ведомость қалыптастыру болып табылады, ол 11-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 11-іс-қимылдың нәтижесі тиесілі субсидияларды қызмет алушылардың банк шоттарына аудару болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі;
      2) ВАК;
      3) бөлім;
      4) басқарма;
      5) аумақтық қазынашылық бөлімшесі.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
      1) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі ВАК құрады;
      2) бөлiм субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін белгілейді, сондай-ақ ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы, ВАК-тың жұмыс тәртiбi туралы ақпаратты және басқа да қажеттi мәлiметтердi жариялайды;
      3) аудандар бойынша субсидиялар көлемдері облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді, сондай-ақ уәкілетті органның келісімі бойынша:
      а) субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары;
      б) субсидияланатын биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың түрлері және биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілерден сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 грамына (данасына) арналған субсидиялар нормалары белгіленеді.
      4) Стандарттың 9-тармағында көзделген қызмет алушының өтінімі мен құжаттарын бөлімнің қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
      5) бөлім қызмет алушылар ұсынған құжаттарды тексереді және ВАК-тың қарауына енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      6) ВАК бөлім ұсынған қызмет алушылардың құжаттарын қарайды және Қағидалардың 2 және/немесе 6 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тізімдерді қалыптастырады және оларды аудан, облыстық маңызы бар қала әкіміне бекітуге жібереді. Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
      7) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі тізімдерді бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      8) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі қызмет алушылардың тізімдерін бекіткеннен кейін бөлім ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, қызмет алушылардың тізімдерін орналастырады және оларды басқармаға ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      9) бөлім тізімді ұсынғаннан кейін басқарма Қағидалардың 3 және/немесе 7 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмдерiн жасайды. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      10) басқарма қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмдерi негiзiнде Қағидалардың 4 және/немесе 8 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қызмет алушыларға субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      11) тиесілі субсидияларды қызмет алушылардың банк шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарымен қоса төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.
      Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламентке 1 қосымшаға сәйкес, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

 

  "Өсімдіктерді қорғау
  мақсатында
  ауыл шаруашылығы
  дақылдарын өңдеуге арналған
  гербицидтердің, биоагенттердің
  (энтомофагтардың) және
  биопрепараттардың құнын
  субсидиялау"
  мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  регламентiне
  1 қосымша

Әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасы

      


      
      


 

  "Өсімдіктерді қорғау
  мақсатында ауыл шаруашылығы
  дақылдарын өңдеуге арналған
  гербицидтердің, биоагенттердің
  (энтомофагтардың) және
  биопрепараттардың құнын
  субсидиялау" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет
  регламентiне
  2 қосымша

"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


      
      


Шартты белгілер:

      


      
      *ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қимылдары.