Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 524-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:
      39-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
      «39. Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқаларының төрағалары мен судьялары».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов