Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық 2014 жылғы 18 шілдедегі N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 тамызда N 2907 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифі тоннасына 686 теңге көлемінде бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл
      қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                         Л. Жалмұқанова

      Петропавл
      қалалық мәслихат
      хатшысы                                     Л. Жалмұқанова