Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі N 108 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 мамырда N 2777 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі                               С. Ескендіров

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
      2014 жылғы 25 сәуірдегі № 108
      қаулысымен бекітілген

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының
ТІЗБЕСІ

      1. Жануарлардың бірнеше түрінің жалпы ауруы: трихофития.
      2. Ірі қара мал аурулары: гиподерматоз.
      3. Жылқы аурулары: сақау, пироплазмидоз, гастрофилез, параскаридоз.
      4. Шошқа аурулары: тілме.