1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі | С. Ескендіров |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 108 қаулысымен бекітілген |
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының
ТІЗБЕСІ
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 25.01.2016 N 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Ірі қара мал аурулары: гиподерматоз.
2. Жылқы аурулары: сақау, пироплазмидоз, гастрофилез, параскаридоз.