Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 маусымда N 1067 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысының 3-тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:

      1) осы шешімнің Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді жүргізсін.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 382 "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 880 нөмірімен енгізілген, 2011 жылғы 22 қаңтарда "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      2) IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXХIІ сессиясының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 436 "IV-ші сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXIV-ші сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 382 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 893 нөмірімен енгізілген, 2011 жылғы 5 шілдеде "Алматы Ақшамы" және 2011 жылғы 9 шілдеде "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      3) V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ІІІ сессиясының 2012 жылғы 29 ақпандағы № 9 "ІV-ші сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXІV-ші сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 382 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 931 нөмірімен енгізілген, 2012 жылғы 12 сәуірде "Алматы Ақшамы" және 2012 жылғы 14 сәуірде "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешімі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі А..Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған Алматы
қаласы мәслихатының
XXVII сессиясының төрағасы
Р. Алшанов
      V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Т. Мұқашев

  V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының ХХVІІ
сессиясының
2014 жылғы 2 маусымдағы
№ 232
шешіміне қосымша

Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің
мөлшерін анықтау және көрсету
Ережесі

      Осы Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) шекті-жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті-жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;

      4) тұрғын жай - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

      5) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің жеке (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;

      6) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі - кондоминиум нысанының ортақ мүлкін бірлесіп басқаруы үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері құратын коммерциялық емес ұйым;

      7) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

      8) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум нысанының ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер телімін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум нысанының ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

      9) кондоминиум нысанын басқару органы - кондоминиум нысанын басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      10) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

      2.Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік көмектің бір түрі болып табылады және ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.

      3.Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматы қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратындарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.

      4. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      5. Алматы қаласында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі есептік кезеңге бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      6. Ортақ үй-жайда (бір пәтерде) тұратын бірнеше жалдаушылар мен меншік иелері арасында тұрғын үйге төлем және коммуналдық қызметке төлем бойынша ортақ шығындарды бөлу тәртібі, барлық жақтың келісімімен, егер келісімге келе алмаған жағдайда - сот тәртібімен айқындалады.

      7. Тұрғын үй көмегін алушы немесе өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне жоғары тұрған органдарға, сонымен қатар, сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш жасау тәртібі

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы;

      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың көшірмесі;

      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың көшірмесі;

      7) телекоммуникация қызметтеріне арналған түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың көшірмесі;

      9) Алып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 11.08.2017 № 135 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 8 тармақ өзгерді - Алматы қаласы мәслихатының 11.08.2017 № 135 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Жеке тұрғын үйдің меншік иесі өтінішпен бірге 8 тармақтың 1)-4), 6), 7), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.

      10. 8 тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген құжаттарды, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұратын өтініш беруші ұсынады.

      11. Уәкілетті органның аудандық бөлімі құжаттардың көшірмелерін салыстырып тексереді, оларды тіркеуге алады және өтініш иесіне құжаттардың түпнұсқасы мен құжаттардың қабылданғаны жөнінде растама қағазын береді.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындаудың есептік кезеңі болып барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген кездегі жыл тоқсаны саналады.

      13. Тұрғын үй көмегі ағымдағы айға толық тағайындалады.

      14. Тұрғын үй көмегі келесідей төленген шығындар арасындағы айырма ретінде айқындалады: телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы және отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергілікті атқарушы орган белгілеген шекті-жол берілетін деңгейі. Алматы қаласындағы отбасылардың (азаматтардың) шығындарының шекті-жол берілетін деңгейі 10 пайызды құрайды.

      15. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнының, өтемақылық төлемдермен қамтамасыз етілген нормалары шегінде коммуналдық қызметті пайдалану төлемінің нақты төленген сомасынан аса алмайды.

      16. Алып тасталды - Алматы қаласы маслихатының 23.07.2015 № 349 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Үй-жай меншік иелерінің жалпы жиналысындағы тұрғын үйді күтіп-ұстау төлемінің мөлшері туралы шешім тұрғын үй көмегін есептеу кезінде негіз болады.

      18. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде коммуналдық қызметтердің келесі түрлерінің төлеміне кететін шығындар есепке алынады:

      1) жылумен жабдықтау;

      2) суық және ыстық сумен жабдықтау;

      3) канализация;

      4) электрмен жабдықтау;

      5) газбен жабдықтау;

      6) қоқыстарды әкету;

      7) лифт қызметін көрсету.

      19. Тұрғын үй көмегін алуға дейінгі қарыздарды өтеуді коммуналдық қызметті жеткізушілер бақылап отырады және жалпы негіздемеде Ереженің 14 тармағына сәйкес ағымдағы айға тұрғын үй көмегін есептеу кезінде есепке алынбайды.

      20. Отбасының (азаматтың) шекті-жол берілетін шығыстарының, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың төлемі және коммуналдық қызметті пайдалану төлемі, отбасының (азаматтың) табыстары, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық қызметіне және байланыс қызметтеріне төлем (тариф) мөлшерінің үлесі өзгерген жағдайда уәкілетті органның аудандық бөлімдері бұрынғы тағайындалған тұрғын үй көмегіне өзгерістер күшіне енгеннен бастап қайта есептеу жүргізеді.

      21. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған жағдайда уәкілетті органның аудандық бөлімі бас тартылу себебін көрсете отырып, өтініш иесіне жазбаша хабарлайды.

      22. Тұрғын үй көмегінің артық төленген сомасын алушы ерікті түрде қайтаруы, егер бас тартылған жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      23. Өтініш иесі (тұрғын үй көмегін алушы) тапсырған құжаттардың (мәліметтердің) растығына күмән туған жағдайда, уәкілетті органның аудандық бөлімі тиісті органдардан тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті мәліметтерді сұрастыруға құқылы.

      24. Көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіту кезінде коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметтерді) реттеу жөніндегі аумақтық уәкілетті орган қолданатын коммуналдық қызметті қолдану нормаларына тең.

      25. Электр энергиясын жіберу (тұтыну) нормасы айына 1 адамға табиғи монополияларды (монополистік қызметтерді) реттеу жөніндегі аумақтық уәкілетті орган белгіленген төменгі жіберілген норманың тарифіне тең.

      26. Орнын толтыратын төлемақылармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы, отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасына тең және адам басына он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, ал бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін - иеленіп отырған тұрғын үйінің нақты пайдалы алаңына тең болуы тиіс.

4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      27. Тұрғын үй көмегі төлемін қаржыландыру осы Ережеде қарастырылған тәртіпке сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      28. Тұрғын үй көмегі төлемі өткен айға жүргізіледі.

      29. Тұрғын үй көмегін төлеу ағымдағы, карталық шотқа есептелген соманы аудару немесе алушыларға қаржылық соманы үйде төлеу жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.