IV-ші сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXIV-ші сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 382 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXХIІ сессиясының 2011 жылғы 31 мамырдағы N 436 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 4 шілдеде N 893 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 02.06.2014 N 232 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес ІV-ші сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 382 (2011 жылғы 19 қаңтардағы № 880 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген, 2011 жылғы 22 қаңтардағы № 8 «Вечерний Алматы», 2011 жылғы 22 қаңтардағы № 7 «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған) Алматы қаласы мәслихатының шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      32 тармақтың 8 тармақшасында «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаржысы есебінен төленетін» сөздері және «атаулы әлеуметтік көмек» сөзінен кейінгі «жәрдемақылар мен өтемақылар» сөздері алынып тасталсын. 
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Е.Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Мұқашевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн мерзімі өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      ІV-ші сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      XXXXII-ші сессиясының
      төрағасы                                   Т. Мұқашев