"Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі N 2/258 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 мамырда N 1037 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) оның Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарласын;
      2) осы қаулының Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                  А. Есімов

Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы «17» сәуірдегі № 2/258
қаулысымен бекітілді

«Алматы қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

      1. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық - талдау және ұйымдық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық үлгісіндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарда есеп шоттары бар.
      4. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 005001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4.
      9. Толық атауы:
      мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима города Алматы».
      10. Осы Ереже «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фунциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Алматы қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.
      14. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 2938 баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығымен белгіленген:
      1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және қаланың аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың оларды орындауын бақылау;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Парламентімен, қаланың өкілді органы - Алматы қаласының мәслихатымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара бірлесе отырып, іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету.
      3) мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау, оның ішінде қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау, мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      4) қала әкімі белгілеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      15. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38 бабына сәйкес белгіленген:
      1) Алматы қаласы әкімі мен әкімдігін ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де мәселелер бойынша қамтамасыз ету;
      2) өзінің құзыреті шегінде Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін сақтауды қамтамасыз ету;
      3) қала аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
      4) қала әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы әкімі мен әкімдігінің мүдделерін сотта қорғау, прокурорлық назар аудару актісін қарау;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету сапасын қадағалауға бақылауды жүзеге асыру;
      6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың келесі бағыттар бойынша тиімділігін бағалау:
      әкімнің, оның орынбасарларының және әкімдіктің актілері мен тапсырмаларын орындау;
      мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      қызметкерлерді басқару;
      ақпараттық қызметтерді қолдану;
      7) «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс құжаттамаларын ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде құпия, арнайы байланыс бойынша, хат-хабарларды өңдеу, құпия режимін, «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына жіберу және ішкі нысандар ережесін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;
      8) мемлекеттік органның қызмет бағыты бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;
      9) сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық байланыстарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
      10) іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу;
      11) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қала әкімдігі мүшелерінің, атқару органдарының бірінші басшыларының ұсыныстары бойынша қала әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін тоқсан сайын мәселелер тізбесін ұйымдастыру;
      12) күн тәртібін, қала әкімдігінің мәжілістерінің материалдарын әзірлеу, қала әкімдігінің мәжіліс хаттамаларының материалдарын ресімдеу және тарату;
      13) қала әкімінде, оның орынбасарларында, «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығындағы кеңестерді ұйымдастыру, кеңес хаттамаларын ресімдеу және тарату;
      14) қала әкімдігінің Регламентіне қаржы-экономикалық, құқықтық және қала әкімі қабылдайтын қала әкімдігі қаулыларының, шешімдерінің және өкімдерінің өзге аспектілеріне, сондай-ақ «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарының жобаларына сараптама жасау, сараптама қорытындысы бойынша тұжырымдама әзірлеу (анықтама);
      15) қала әкімінің, оның орынбасарларының, «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының тапсырмалары бойынша қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу, оларды тарату және сақтау;
      16) қала әкімдігінің қаулыларына және қала әкімінің актілерінің жобаларына сараптама жүргізу барысында келіспеушілік туындаса және әкімдіктің Регламентіне сәйкес оны түзету жөнінде тапсырма берілсе, оны толықтыру;
      17) қала әкімі орынбасарларында, «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысында және оның орынбасарларында хаттамалық кеңестерді жүргізуді ұйымдастыру, әкімдік пен қала әкімінің актілер жобаларын жедел толықтыру және қол қоюға әзірлеу кезінде, оған басшының орынбасарларынан төмен емес лауазымдағы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын шақыру.
      18) қала әкімдігі актілерінің, қала әкімінің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, қала әкімдігі мәжілістері шешімдерінің орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша қала әкіміне мәлімет беру;
      19) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және қала әкіміне тиісті жылға арналған қаланы дамыту жоспарлары мен бағдарламалары жөніндегі шаралардың орындалуы туралы мәлімет беру;
      20) қала әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету;
      21) қала әкімінің және оның орынбасарларының халықаралық ынтымақтастықты ұйымдық қамтамасыз етуге қатысу;
      22) қала әкімдігінің мемлекеттік органдарының Бірыңғай электрондық құжаттама айналымының жүйесін құру жөніндегі жұмысын үйлестіру;
      23) қала әкімі немесе оның келісімі бойынша тағайындаған кадрлармен жұмыс;
      24) «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кадрларының, оның ішінде шетелдерде оқуын және қайта даярлығын ұйымдастыру;
      25) қала әкімінің және әкімдік мәжілістерінің, қажет болған жағдайда консультативтік-кеңесші органның қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және оған қызмет көрсету;
      26) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      27) әскери басқарманың жергілікті органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланғанда олардың жұмысына жәрдемдесу;
      28) әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      29) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, әскери жағдай кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру;
      30) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      31) құзыреті шегінде уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi, ұйымдастыру;
      32) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
      33) төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға қатысты бөлігінде жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету;
      34) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
      35) азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау;
      36) гендерлік аспектілерді қарау;
      37) Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функциялар.
      16. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің құзыреті шегінде:
      1) Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде арнайы байланыс және көрсеткіштерді беру жүйесін пайдаланып, құпия және қызметтік жазбаларды жүргізу;
      2) мемлекеттік органдар әзірлеген әкімдік пен қала әкімінің актілерінің жобалары бойынша сараптама мен қорытындыларды әзірлеуді жүзеге асыру;
      3) қала әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
      4) заңнамада белгіленген жағдайларда қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын оны әзірлеушілерге қайтару;
      5) мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық және өзге актілердің жобаларының келісімін алуды бақылау және ол болмаған жағдайда тиісті жобаларды қала әкімдігінің Регламентіне сәйкес қайтару;
      6) қала әкімдігінің шешімін талап етпейтін мәселелер бойынша іс қағаздарын тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және қайтару;
      7) қала әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың қала әкімдігі мен қала әкімі актілерінің жобалары бойынша, сондай-ақ қабылданған нормативтік құқықтық актілерді орындау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың келіспеушіліктерін қарау жөнінде кеңес шақыру;
      8) кеңес өткізу жағдайында, нормативтік құқықтық актілері бойынша ескертпелерді жою мақсатында оған басшының орынбасарларынан төмен емес лауазымдағы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын шақыру;
      9) қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобасын сараптама жүргізу барысында аталған ескертпелерді жоюға оны әзірлеуші келісім берген жағдайда жұмыс тәртібінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, толықтыру;
      10) қала әкімінің, оның орынбасарларының және Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын тексеруді ұйымдастыру, оған қатысу және оның орындалуына бақылау жүргізу;
      11) мемлекеттік органдарда іс құжаттарын жүргізу талаптарын орындау жөнінде, оның құпия режимін қамтамасыз ету, құпия іс құжаттарының құпиялылығын жүргізу, сондай-ақ қорғау құралдарын пайдалану және қорғалған басылым-бланкілік өнімдерін пайдалану жағдайына тексеру жүргізу;
      12) мемлекеттік орган басшыларының қала әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындамағаны немесе мұқият орындамағаны үшін жауапкершіліктері туралы ұсыныс енгізу;
      13) заңнамаға сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыру.
      17. Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қала әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ қала әкімінің актілеріне сәйкес құрылған комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатыса алады.
      18. Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдарға қажетті материалдарды, мәліметтерді, сондай-ақ қала әкімдігі мен қала әкімінің актілерінің жобаларын толықтыру жөнінде берген талаптары, егер қала әкімінің, оның орынбасарларының және Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының тапсырмаларында орындалу мерзімі басқаша белгіленбесе, орындалуы тиіс.

3. «Алматы қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру

      19. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
      20. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысын Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы:
      1) қала әкімінің бекітуіне «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, қала әкімі орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу, «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық құрамын ұсынады, штаттық құрамда бекітілген шектерде оған өзгерістер енгізеді;
      2) Алматы қаласы әкімінің көмекшілерінің, кеңесшілерінің және бас инспекторларының жұмысын үйлестіреді, «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің және өзге құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, өзге мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қызмет атқаруды қамтамасыз етеді;
      3) қала әкімінің қарауына қала әкімінің көмекшісін, кеңесшілерін және бас инспекторларын, «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері мен өзге құрылымдардың басшыларын, бас мамандарын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындау және одан босату жөнінде ұсыныс енгізеді;
      4) «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері мен өзге құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені бекітеді;
      5) қала әкімдігі мен қала әкімінің актілерінің орындалуы мен қадағалануына, оның тапсырмаларының орындалуына, құжаттардың өтуіне бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
      6) қала әкіміне оның қол қою және қарау үшін қаулыларды, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін және қала әкіміне жолданған басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;
      7) бұйрықтар шығарады;
      8) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      9) «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шығындар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы құралдарын иеленеді;
      10) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      11) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
      12) «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін іссапарларға, тәжірибе жинақтауға, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарына оқуға жібереді және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің басқа да түрлері бойынша іссапарға жібереді;
      13) Аппараттың Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Парламентімен, қаланың өкілді органы – Алматы қаласы мәслихатымен, қалалық бөлімшелерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен тұрақты негіздегі байланысын қамтамасыз етеді;
      14) қала әкімінің кадр саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға жеке жауапкершілікте болады;
      16) осы Ережеде көрсетілген, сондай-ақ қала әкімі оған жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      17) өзінің жекелеген өкілеттіктерін орындауды «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басқа да лауазымды адамдарына беруге құқылы.
      Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін бюджеттік бағдарламаның әкімгері ұйғарған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу амалдарын жүзеге асырады.
      Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді. 

4. «Алматы қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      24. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер де Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 

5. «Алматы қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату

      27. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.