Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 301/37 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда № 4233 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 495-бабы 9-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына және сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Оспанова
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский

  Облыстық мәслихаттың
(V сайланған, ХХХVІІ сессиясы)
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 301/37 шешімімен бекітілген

Павлодар облысы бойынша қоршаған
ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері

      1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет №

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері
(ары қарай - АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

4

1.
Күкірт тотықтары

20

2.
Азот тотықтары

20

3.
Шаң және күл

10

4.
Қорғасын және оның қосындылары

3 986

5.
Күкіртсутек

124

6.
Фенолдар

332

7.
Көмірсутектер

0,32

8.
Формальдегид

332

9.
Көміртегі тотықтары

0,32

10.
Метан

0,02

11.
Күйе

24

12.
Темір тотықтары

30

13.
Аммиак

24

14.
Алты валентті хром

798

15.
Мыс тотықтары

598

16.
Бенз(а)пирен

996,6


      2. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет №

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.
Көмірсутектер

4,46

2.
Көміртегі тотықтары

1,46

3.
Метан

0,08

4.
Күкірт диоксиды

20

5.
Азот диоксиды

20

6.
Күл

24

7.
Күкіртті сутегі

124

8.
Меркаптан

19 932


      3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)

1
2

3

1.
Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.
Дизель отыны үшін

0,9

3.
Керосин, сұйытылған, сығылған газ үшін

0,48


      4. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.
Нитриттар

1 340

2.
Мырыш

2 680

3.
Мыс

26 804

4.
Оттегіне биологиялық сұраныс

8

5.
Тұзды аммоний

68

6.
Мұнай өнімдері

536

7.
Нитраттар

2

8.
Жалпы темір

268

9.
Сульфаттар (анион)

0,8

10.
Өлшенген заттар

2

11.
Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12.
Хлоридтер (анион)

0,2

13.
Алюминий

54


      5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарыполигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:
1.1.
Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)

0,38

1.2.
Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:
1.2.1.
«қызыл» тізім

14

1.2.2.
«жақұт» тізім

8

1.2.3.
«жасыл» тізім

2

1.2.4.
сыныпталмағандар

0,9

1.3.
Бұдан басқа:
1.3.1.
аршынды жыныстар

0,004

1.3.2.
жанас таужыныстары

0,026

1.3.3.
байыту қалдықтары

0,02

1.3.4.
шлактар, шламдар

0,038

1.3.5.
күл мен күлшлактар

0,66

1.3.6.
ауыл шаруашылығы
өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,018

2.
Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін (Гбк):
2.1.
Трансуранды

0,76

2.2.
Альфа-радиоактивті

0,38

2.3.
Бета-радиоактивті

0,04

2.4.
Шынақты радиоактивті көздер

0,38


      6. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды.
      7. Мынадай коэффициенттер:
      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 495 бабы 7 тармағымен белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне:
      1-тармақта – 0,3 коэффициенті;
      4-тармақта – 0,43 коэффициенті;
      5-тармақтың 1.3.5.-жолында – 0,05 коэффициенті;
      2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 5-тармақтың 1.1.-жолда белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне 0,2 коэффиценті қолданылады;
      8. 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды;
      9. Қоршаған ортаға эмиссия үшін белгіленген нормативтерден асатын төлем мөлшерлемелері он есе ұлғаяды.
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АЕК - айлық есептік көрсеткіш; Гбк - гигабеккерель.