Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" № 130/4 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 320/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 қарашада № 4138 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» № 130/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3845 болып тіркелді, 2014 жылғы 12 маусымда «Сарыарқа самалы» газетінде, 2014 жылғы 12 маусымда «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланды) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      прембуласы келесі редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулының 4-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 149, 150, 151, 152, 153, 154-жолдармен толықтырылсын.
      2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі

Қ. Бозымбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы
      министрі
      2014 жылғы «29» қазан

А. Мамытбеков


Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 14 қазандағы
№ 320/10 қаулысына
қосымша

   

149.
 

Торнадо, 500 с.е. (глифосат, 500 г/л)
 

литр
 

30
 

495
 

150.
 

Сонраунд, 48 % с.е. (глифосат, 360 г/л)
 

литр
 

30
 

519
 

151.
 

Авестар, 10% э.к. (феноксапроп-п-этил, 100 г/л+ фенклоразол-этил (антидот), 50 г/л)
 

литр
 

30
 

1027
 

152.
 

Фокстрот, с.э. (феноксапроп-п-этил, 69 г/л+ клоквинтоцет-мексил (антидот), 34,5 г/л)
 

литр
 

30
 

710
 

153.
 

Зерномакс, э.к. (2-этилгексил эфирі түріндегі 2,4-Д қышқылы, 500 г/л)
 

литр
 

30
 

555
 

154.
 

Меццо, 60 % с.д.т. (метсульфурон-метил,
600 г/кг)
 

кило-грамм
 

30
 

9190