Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 278 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 5232 болып тіркелді

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
      2. Мыналар айқындалсын:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ұсынылады;
      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
      мүгедектігі туралы анықтама;
      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
      мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
      4) оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 10.12.2015 № 389 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2016 бастап туындаған қатынастарға таратылады).
      3. Мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 180 шешімінің "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4403 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтардағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрайымы                         Г. Таликбаева

      Жітіқара аудандық
      мәслихаты хатшысының м.а.                  Г. Зулхаирова