Мәслихаттың 2014 жылғы 24 қарашадағы № 278 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 389 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 6123 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 қарашадағы № 278 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 желтоқсандағы 5232 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
      мүгедектігі туралы анықтама;
      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
      мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессияның төрағасы                         Н. Джафаров

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ А. Мекебаева
      2015 жылғы 10 желтоқсан

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ Г. Баймухамбетова
      2015 жылғы 10 желтоқсан