Денисов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 73 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда № 5244 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Денисов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4251 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 қарашада "Наше время" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      7-тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 150 000 тенге мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   В. Бездольный

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Мұрзабаев