Денисов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 73 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда № 5244 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 71 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 16.09.2020 № 71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Денисов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4251 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 қарашада "Наше время" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 150 000 тенге мөлшерінде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезектен


тыс сессиясының төрағасы

В. Бездольный

Денисов аудандық


мәслихатының хатшысы

А. Мұрзабаев