Денисов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 46 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 4731 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Денисов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4251 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 қарашада "Наше время" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      6-тармағының 1)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Аудандық мәслихаттың
      кезекті оныншы
      сессиясының төрағасы                       В. Ткач

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ______________ С.Ф. Рахметова

      "Денисов ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      __________ Д.Т. Мұсылманқұлова