Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 16.09.2020 № 71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Денисов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4251 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 қарашада "Наше время" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармағының 1)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Аудандық мәслихаттың | |
кезекті оныншы | |
сессиясының төрағасы | В. Ткач |
Денисов аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Мұрзабаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Денисов ауданы әкімдігінің | |
экономика және қаржы бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | |
______________ С.Ф. Рахметова | |
"Денисов ауданының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | |
__________ Д.Т. Мұсылманқұлова |