Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2014 жылғы 6 тамыздағы № 182 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 қыркүйекте № 5068 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 20.03.2015 № 236 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-134 тіркелген, 2010 жылғы 3 желтоқсанда "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Арқалық бөліміне (бұдан әрі - ХҚО) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады – күнтізбелік 10 (он) күн.
      Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.";
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Кезекті сессияның төрағасы,
      Арқалық қалалық мәслихатының
      хатшысы                                    Н. Шалдыбаев