Ескерту.Тақырыпта және барлық мәтін бойынша "ережесін", "ережесі" сөздері "қағидасын", "қағидасы" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 08.07.2020 № 325 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).
Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 08.07.2020 № 325 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Арқалық қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті сессияның төрайымы | Е. Цвентух |
Мәслихат хатшысы | Н. Шалдыбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ К. Омарова
"Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ А. Мұхамбетжанова
"Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Н. Гайдаренко
Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешімімен бекітілген |
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда Арқалық қаласының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кодоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтыну;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 08.07.2020 № 325 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).2. Тұрғын үй көмегін "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
3) отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
6) банктік шоты;
7) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 08.07.2020 № 325 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап ұсынады, порталға өтініш берген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 08.07.2020 № 325 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).4. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкілетті орган тиісті органдардан көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге құқығын растайтын мәліметтерді сұратады.
5. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 03.06.2016 № 34 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).6. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары туралы, сондай-ақ оның дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
7. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
8. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.
9. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау
10. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алуға ниет білдіруші отбасының жиынтық табысы немесе азаматтың табысын негізге ала отырып анықталады.
11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының нормалары шегінде және шекті жол берілетін деңгейде кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстар, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтыну, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 08.07.2020 № 325 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).12. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында есепке алаң нормасы есепке алынады:
1) бір отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғынжайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрін қосымша;
бір бөлмелі тұрғынжайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғынжайдың жалпы алаңы;
2) жалғыз тұратын азаматтар үшін - пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
13. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
14. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
15. Электрлік қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт; электр плитасы, электр су жылтқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға, 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.
16. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
17. Осы тараумен белгіленген нормалардан тыс ақысын төлеу тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізіледі.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
18. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына, кондоминиум объектілерінің жинақ және ағымды шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.
Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешіміне қосымша |
Арқалық қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-134 тіркелген, 2010 жылғы 3 желтоқсанда "Торғай" газетінде жарияланған).
2. Мәслихаттың 2011 жылғы 26 қазандағы № 380 "Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-152 тіркелген, 2011 жылғы 11 қарашада "Торғай" газетінде жарияланған).
3. Мәслихаттың 2012 жылғы 10 ақпандағы № 14 "Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-163 тіркелген, 2012 жылғы 2 наурызда "Торғай" газетінде жарияланған).
4. Мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі № 49 "Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-171 тіркелген, 2012 жылғы 7 қыркүйекте "Торғай" газетінде жарияланған).
5. Мәслихаттың 2012 жылғы 5 қазандағы № 61 "Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3860 тіркелген, 2012 жылғы 2 қарашада "Торғай" газетінде жарияланған).
6. Мәслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы № 156 "Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4502 тіркелген, 2014 жылғы 4 сәуірде "Торғай" газетінде жарияланған).
7. Мәслихаттың 2012 жылғы 6 тамыздағы № 182 "Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5068 тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте "Торғай" газетінде жарияланған).