"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-152 тіркелген, 2010 жылғы 24 тамызда және 2010 жылғы 26 тамызда "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:
10-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті органмен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, № 18 сайлау
округі бойынша депутаты М. Бут
Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы Н. Халықов