2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жер асты сулары көздерінің № 8, № 9 ұңғымалары учаскесінде Чернигов шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Н. Садуақасов |
Әкімдіктің |
|
2014 жылғы 25 қыркүйектегі |
|
№ 474 қаулысына қосымша |
Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жер асты сулары көздерінің № 8, № 9 ұңғымалары учаскесінде Чернигов шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы
Су тарту көзінің атауы |
Санитарлық қорғау аймағының мөлшері |
|||||
І - белдеу |
ІІ - белдеу |
ІІІ - белдеу |
||||
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
|
№ 8, |
Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 50 метр |
1,57 гектар |
Ұзындығы – әр ұңғыма үшін 102 метр |
1,8 гектар |
46,2 гектар |
Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекаралары «Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы Чернигов су тартуының санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесі» жобасының картографиялық материалында көрсетілген (тапсырыс беруші - «Черниговское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).