2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қарасу ауданындағы Тімтіуір жер асты сулары көздерінің Солтүстік учаскесінде Қарамырза шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Н. Садуақасов |
Әкімдіктің |
Қарасу ауданындағы Тімтіуір жер асты сулары көздерінің Солтүстік учаскесінде
Қарамырза шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І-белдеу |
ІІ-белдеу |
ІІІ-белдеу |
||||
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
|
№ 1 э ұңғыма |
Радиусі –30 метр |
Ұңғыманың айналасында 0,3 гектар |
Радиусі – 123 метр |
4,7 гектар |
Радиусі – 870 метр |
238 гектар |
Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары «Қарасу ауданындағы Тімтіуір жер асты сулары көздерінің Солтүстік учаскесінде Қарамырза шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары» жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші - «Рамазан-Қарасу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).