2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Алтынсарин ауданындағы Щербаков минералды жерасты сулары көздерінің № 70, № 74, № 75, № 105 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
және су ресурстары министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________ Г. Оспанбекова
"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің Қостанай
облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаменті" республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
_____________ С. Байменова
Әкімдіктің
2014 жылғы 19 мамырдағы
№ 214 қаулысына қосымша
Алтынсарин ауданындағы Щербаков минералды жерасты сулары көздерінің № 70, № 74, № 75, № 105 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І - белдеу |
ІІ - белдеу |
ІІІ - белдеу |
||||
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
|
№ 70, № 105 ұңғымалар |
Ұзындығы – 70 метр Ені - 60 метр |
1,14 гектар |
Ұзындығы – 87 метр Ені – 77 метр |
0,71 гектар |
Радиусі – 473 метр |
68,35 гектар |
№ 74, № 75 ұңғымалар |
Ұзындығы – 60 метр Ені - 60 метр |
Ұзындығы – 77 метр Ені – 77 метр |
Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары "Алтынсарин ауданындағы Щербаков минералды жерасты сулары көздерінің № 70, № 74, № 75, № 105 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында көрсетілген Тапсырыс берушілер - "Санаторий "Сосновый Бор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).