2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Денисов ауданындағы Аршалы жер асты сулары көздерінің № 2 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су
ресурстары министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Г. Оспанбекова
"Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау агенттігінің Қостанай
облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
_______________ С. Байменова
Әкімдіктің
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 163 қаулысына қосымша
Денисов ауданындағы Аршалы жер асты
сулары көздерінің № 2 ұңғымасы учаскесінде
шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық
қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
I белдеу |
II белдеу |
III белдеу |
||||
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
|
№ 2 ұңғыма |
Радиусі - ұңғыманың айналасында 50 метр |
0,8 гектар |
Ұзындығы - 128 метр |
1,5 гектар |
Ұзындығы - 931 метр |
74,5 гектар |
Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары "Денисов ауданындағы Аршалы жер асты сулары көздерінің № 2 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Алакөл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).