2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы жер асты су көздерінің № 2 (0902), № 1 (0901-резервтік) ұңғымалары учаскесінде Тимофеев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің
2013 жылғы 12 наурыздағы
№ 88 қаулысына қосымша
Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы жер асты су көздерінің № 2 (0902), № 1 (0901-резервтік) ұңғымалары учаскесінде Тимофеев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І - белдеу |
ІІ - белдеу |
ІІІ - белдеу |
||||
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
|
Ұңғымалар: |
Радиусі – әр ұңғыманың |
Әр ұңғыманың айналасында 1,6 гектар |
Ұзындығы – 182 метр |
4,92 гектар |
Радиусі – 645 метр |
130,6 гектар |
Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары "Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы жер асты су көздерінің № 2 (0902), № 1 (0901-резервтік) ұңғымалары учаскесінде Тимофеев су тартуының санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Тимофеевка-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).