2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы жер асты сулары Семилетка кең орнының № 1э және № 2э ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай облысы
бойынша департаменті" мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы
______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің
2014 жылғы 14 ақпандағы
№ 39 қаулысына қосымша
Қостанай ауданындағы жер асты сулары Семилетка кең орнының № 1э және № 2э ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І - белдеу |
ІІ - белдеу |
ІІІ - белдеу |
||||
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
|
№ 1э және |
Ұзындығы – 100 метр |
0,5 гектар |
Ұзындығы – |
1,1 гектар |
Радиусі – 371 метр |
43,6 гектар |
Ескерту: "Қостанай облысының Қостанай ауданында орналасқан жер асты сулары Семилетка кең орнының № 1э және № 2э ұңғымалары учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулерімөлшерлерінің негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - "KEGOC" акционерлік қоғамының "Сарыбай жүйеаралық электр тораптары" филиалы).