2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданында орналасқан Сарыкөл су тартуының № 21, № 22, № 23, № 24 және Весело-Кутский су тартуының № 31, № 32 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Г. Оспанбекова
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
ММ басшысы
________________ Қ. Төлеубаев
Қарабалық ауданының әкімі
____________ А. Ысмағұлов
Әкімдіктің
2014 жылғы 14 ақпандағы
№ 40 қаулысына қосымша
Қарабалық ауданында орналасқан Сарыкөл су
тартуының № 21, № 22, № 23, № 24 және
Весело-Кутский су тартуының № 31, № 32 ұңғымалары
учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І - белдеу |
ІІ - белдеу |
ІІІ - белдеу |
||||
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
|
Сарыкөл су тартуының № 21, № 22, № 23, № 24 ұңғымалары |
Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 50 метр |
4,37 гектар |
Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 245 метр |
29,95 гектар |
Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 1734 метр |
960 гектар |
Весело- |
Радиусы- әр ұңғыманың айналасында 50 метр |
1,7 гектар |
Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 259 метр |
24,1 гектар |
Радиусы - әр ұңғыманың айналасында 1833 метр |
1070 гектар |
Ескерту: "Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы №№ 21-24 (Сарыкөл су тарту), №№ 31,32 (Весело-Кутский су тарту) ұңғымалар учаскелерінде "Ақ-Бидай-Агро" ЖШС су тартуларының санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің мөлшерлерін негіздеу жобасы" картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Ақ-Бидай-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).