1. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 362 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4778 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 қарашада “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
16-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ө.Елеусіновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жалағаш ауданының әкімі | Т.Дүйсебаев |