«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 20.07.2015 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
_____________ Е.Ыдырысов
2014 жылғы 30 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 508 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын
балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді
есепке алу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алуды Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктер есепке қою үшін шетелдердегі мекемелерге келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға орай «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты;
2) оларды есепке қою туралы жазбаша өтініш (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін және туған жерін, төлқұжат нөмірін, кім және қашан бергенін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған);
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес фотосуреті бар толтырылған есепке алу карточкасы.
4. Консулдық лауазымды тұлға құжаттар берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдіруші ретінде оларды есепке қойып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қойылғаны туралы тиісті анықтама береді.
5. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында қарастырылған белгіленген нысанға сай келмейтін жағдайда шетелдегі мекемелер құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
6. Шетелдік жіберген кемшіліктерді жойғаннан кейін құжаттар шетелдегі мекемеге қайта тапсырылады.
7. Есепке алу карточкалары алфавит тәртібімен «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктер» бөлімі бойынша есепке алу үшін қабылданған картотекада сақталады.
8. Есепке алынған шетелдіктер туралы ақпарат жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға әрі қарай жолдау үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жіберіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 20.07.2015 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды асырап алуға тілек
білдірген шетелдіктерді есепке
алу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Агенттік атауы
(ресми бланкіде)
Мекенжай:
тел: «____» _____ 20___ ж. № ______
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесінің
атауы
Қолдаухат
«____» (халықаралық агенттік атауы, ____ ж. «____» лицензия нөмірі ______, ҚР аккредиттеу мерзімі) Қазақстан Республикасының азамат(тар)ы болып табылатын баланы (балаларды) асырап алуға тілек білдірген тұлғаны/тұлғаларды консулдық есепке қоюды сұрайды.
Бұл азамат Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сай келеді.
Лауазымды тұлғаның қолы Т.А.Ә. __________________
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды асырап алуға тілек
білдірген шетелдіктерді есепке
алу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы)
3x4 |
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға тілек білдірген шетелдікті есепке алу карточкасы
1. |
Т.А.Ә. |
|
2. |
Туған күні және жері |
|
3. |
Паспорттың нөмірі, кім және қашан |
|
3. |
Азаматтығы |
|
4. |
Тұрғылықты мекенжайы |
|
5. |
Білімі |
|
6. |
Жұмыс орны |
|
7. |
Ерлі-зайыптылардың Т.А.Ә. |
|
8. |
Күні және туған жері |
|
9. |
Паспорттың нөмірі, кім және қашан |
|
10. |
Азаматтығы |
|
11. |
Тұрғылықты мекенжайы |
|
12. |
Білімі |
|
13. |
Жұмыс орны |
Қолы _______________________
20__ жылғы «____» __________
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды асырап алуға тілек
білдірген шетелдіктерді есепке
алу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
20__ ж «_____» ___________ №_____
АНЫҚТАМА
Осымен ___________________________________________ азаматы/азаматшасы
(елдің атауы)
Т.А.Ә. (толық) ______________________________________________________
Туған күні___________________________________________________________
Т.А.Ә. (толық) ______________________________________________________
Туған күні __________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға
тілек білдірген тұлға/тұлғалар ретінде есепке алынғандығын растаймыз.
Консул қолы Т.А.Ә. ________________
Мөрге арналған орын
(шетелдегі мекеме)