Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2014 жылғы 12 желтосандағы № 519 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қаңтарда № 10079 тіркелді

Қолданыстағы

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 22) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар бекітілсін.
      2. «Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру және олармен білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 280 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7094 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 24 қыркүйектегі № 453-456 (26849) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                   Т. Балықбаев

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым Министрінің
міндетін атқарушы     
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 519 бұйрығымен бекітілген

Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуы жөніндегі қағидалар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілері (бұдан әрі - бланкілер) қағидаларда «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына сәйкес берілетін бланкілер деп түсіндіріледі.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкноттық фабрикасымен (бұдан әрі - Банкноттық фабрика) білім беру туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарының талаптарына сәйкес жиынтық тапсырыс көлемінде бланкілерді дайындау бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт жасасады.
      Бланкілерді дайындау тәртібі мен мерзімі, жеткізу және қабылдау, сондай-ақ міндеттемелерді тиісті орындау жауапкершілігі Министрлік пен Банкноттық фабрика арасында жасалатын шартта қарастырылады.
      3. Министрлік бланкінің әрбір түрі үшін бірыңғай сериясын және реттік нөмірлерін белгілейді.
      4. Білім беру ұйымдарына бланкілер тегін беріледі, төлем ақысы Министрлік пен Банкноттық фабрика арасында жасалған бланкілерді дайындау бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта көрсетілген.

2. Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуы жөніндегі тәртібі

      5. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) Министрліктің салалық департаменттеріне:
      ағымдағы жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей, Министрліктің бюджеттік тапсырысты қалыптастыру үшін болжамды үш жылдық оқу кезеңіне арналған бланкілерге қажеттілікті;
      ағымдағы жылдың 10 қазанынан кешіктірмей, Министрліктің Банкноттық фабрикамен шарт жасауы үшін бір оқу жылына арналған бланкілерге өтінім ұсынады;
      бланкілерді толық пайдаланып жыл бойында бланкілерге қосымша қажеттілік пайда болған жағдайда, білім беру ұйымы Министрлікке бланкілердің қажетті санын көрсете отырып қосымша өтінім жолдайды.
      6. Өтінім екі данада жасалады, білім беру ұйымы басшысының қолы қойылып, білім беру ұйымының мөрімен бекітіледі. Өтінімнің бір данасы Министрлікке жіберіледі, екіншісі білім беру ұйымында қалады.
      7. Министрлік өтінімді жасау кезінде алдағы жылдың қажеттіліктерін көбейту мүмкіндігін ескереді және бланкінің әртүрі бойынша қажеттіліктің өтінім берілген санынан 10 пайыздық қорын қарастырады.
      8. Министрлік Банкноттық фабрикаға шарт жасау үшін саны, типтік үлгілері және басқа да мәліметтер көрсетілген ілеспе құжаттармен бірге жиынтық өтінімді жібереді.
      9. Банкноттық фабрикадан бланкілерді алу, оларды есепке алу, сақтау, білім беру ұйымдарына беру және олардың пайдалануын бақылауды жүзеге асыру міндеттері Министрліктің Ұлттық тестілеу орталығына (бұдан әрі - ҰТО) жүктеледі.
      10. ҰТО Банкноттық фабрикадан бланкілерді алу, оларды есепке алу, сақтау, білім беру ұйымдарына беру және олардың пайдалануын бақылауды жүзеге асыру міндеттері жүктелетін қызметкерді материалдық жауапты тұлға (бұдан әрі - материалдық жауапты тұлға) ретінде анықтайды.
      ҰТО оның материалдық жауапкершілігі туралы бұйрық шығарады және шарт жасайды.
      11. Министрлік бас сенімхатты ҰТО-ға береді. Материалдық жауапты тұлға берілген сенімхат негізінде бланкілерді алады және білім беру ұйымдарына береді.
      12. Білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымының атынан бланкілерді есепке алу, сақтау және беру жұмысын жүзеге асыру үшін жауапты лауазымдық тұлғаны (бұдан әрі - жауапты лауазымдық тұлға) тағайындау туралы бұйрық шығарады.
      13. Білім беру ұйымдарында бланкілерді қабылдауды, беру мен есептен шығаруды, сақтауды ұйымдастыруға бақылау жүргізу мақсатында құрамы бес адамнан тұратын білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады.
      14. Материалдық жауапты тұлға білім беру ұйымдары берген сенімхат негізінде ұсынылған өтінім мен жүкқұжатқа сәйкес білім беру ұйымының жауапты лауазымдық тұлғасына бланкілерді беруді жүзеге асырады.
      15. Бланкінің берілуі туралы сенімхаттар, жүкқұжаттар есеп құжаттары болып табылады және материалдық жауапты тұлғада сақталады.
      16. Бланкілер мерзімі шектеусіз сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлмелерде немесе темір шкафтарда, өртенбейтін сейфтерде сақталады.
      17. Білім беру ұйымдарының жауапты лауазымды тұлғалары білім беру ұйымы басшысының, ол болмаған жағдайда, оны алмастырушы тұлғаның қолы қойылған бланкілердің пайдаланылуы туралы есепті ҰТО-ға ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін ұсынады.
      Ұсынылған есептердегі деректердің дұрыстығы үшін білім беру ұйымының басшысы мен жауапты лауазымды тұлға дербес жауапкершілікте болады.
      Бланкілердің пайдаланылуы туралы есепке бүлінген және жарамсыз бланкілер бойынша жасалған актінің көшірмесі тіркеледі.
      18. ҰТО Министрлікке ай сайын бланкілер қозғалысы туралы еркін нысанда есеп ұсынады.
      19. Пайдаланылмаған бланкілер ҰТО-ға қайтарылмай, білім беру ұйымдарында қалады, олардың саны бланкілердің пайдаланылуы туралы есептерде және келесі жылдың өтінімінде көрсетіледі. Бланкілерді басқа оқу орындарына беруге қатаң тыйым салынады.
      20. Бланкілердің жетіспеу фактісі анықталған жағдайда, комиссия түгендеу өткізілген уақыты және орны:
      түгендеу өткізілген кезінде болған азаматтардың тегі, аты-жөні, қызметі;
      жауапты қызметкердің тегі, аты-жөні, жетіспейтін бланкілердің сериясы мен нөмірін көрсетіп, акт жасайды.
      21. Бланкілердің жоғалған жағдайларында комиссия акт жасайды және жауапты лауазымды тұлғаға сақтауға беріледі.
      22. Жұмыста пайдалану барысында бланкілер бүлінген жағдайда, бүлінген бланкілер бойынша еркін нысанда акт жасалады.
      Бланкілер білім беру ұйымы басшысының шешімі негізінде ғана жойылады, одан соң еркін нысанда тиісті актіні бекітеді.
      Бүлінген бланкілердің мемлекеттік нөмірлері мен сериялары қиылып, бір параққа желімделіп, бүлінген бланкілер бойынша актіге тіркеледі, бланкілердің қалған бөлігі ұсақтап қиылады немесе өртеледі.
      23. Бланкілерді жою жойылған бланкілердің нөмірі мен сериясы:
      жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні;
      жою кезінде болған азаматтардың тегі, аты-жөні, бланкілерді жою туралы шешімнің нөмірі және қабылдау күні көрсетілген актімен рәсімделеді (еркін нысан).
      24. Есептік деректердің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру мақсатында есептер көшірмелерінің тиісті сақталуы қамтамасыз етіледі. Есептер бөлек папкаларда олардың жасалу мерзімдері бойынша сақталады.