Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 107 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2) Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 03.06.2015 № 124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3) Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 25.06.2015 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 25.06.2015 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 107 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6) "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Орынбеков |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысымен бекiтiлген |
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 107 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысымен бекiтiлген |
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 03.06.2015 № 124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысымен бекiтiлген |
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік кґрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 25.06.2015 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысымен бекiтiлген |
"Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 25.06.2015 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысымен бекiтiлген |
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 107 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысымен бекiтiлген |
"Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Жамбыл облысының білім басқармасы, аудандардың, қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген білім алушылар санатына мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін немесе жеңілдік негізінде ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі - құжаттар) көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алуы табылады.Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасынан (заңды өкілінен) өтініш (еркін нысанда);
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) мыналар:
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленуші балалар үшін – қамқоршылық (қорғаншылық), патронаттық тәрбиені бекіту туралы;
мүгедек балалардың мүгедектігі туралы анықтамалардың (болған жағдайда) көшірмелері;
4) аз қамтылған отбасы болып табылатындығын растайтын мәліметтер: өтініш берушінің (отбасының) ағымдағы жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатындығын растайтын анықтамалар не өтініш берушінің (отбасының) алдыңғы тоқсанда алынған орташа кірістері туралы мәлімет (жалақы және әлеуметтік көмек түрінде алатын кірістері; кәсіпкерлік қызмет және басқа да қызмет түрлерінің кірісі; балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кіріс; мал мен құстарды, бау-бақша, егін шаруашылығын ұстауды қоса алғанда жеке қосалқы шаруашылығы – үй жанындағы шаруашылығының кірістері), жан басына шаққандағы орташа табысының өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен екенін растайтын анықтамалар;
5) даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультациялардың медициналық қорытындысының көшірмелері;
6) көрсетілетін қызметті алушының флюросуретімен қоса денсаулық жағдайы туралы (медициналық паспорты) анықтама (болған жағдайда).
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, тіркеу – 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау және орындаушыға жолдау – 1 күннен аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған талаптарға сәйкес келуін қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау – 12 жұмыс күні ішінде;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою – 1 күн ішінде;
5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру– 15 минуттан аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;
4) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.
3. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету
процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен сәттен бастап 15 минут ішінде құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына енгізеді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына орындауға жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 12 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының ұсынылған талаптарға сәйкес келуін қарайды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаты осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемада келтірілген.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында - www.e.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
"Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
"Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау" блок-схемасы
"Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |