Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қаңтарда № 10198 тіркелді.

Жаңартылған

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 41) тармақшасының он бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2014 жылғы 15 желтоқсан


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 6 қаңтар


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 5-2/671 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің (бұдан әрі – АӨК субъектілері) халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес басқару жүйелерін дамыту және оларға сәйкестікке сертификаттау бойынша шығындарын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      2) ИСО (ағылшын тілінен ISO – International Standard for Organization) халықаралық стандарты – стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың дүниежүзілік федерациясы әзірлеген және қабылдаған халықаралық стандарт;

      3) тартылған консультант - халықаралық стандарттың (халықаралық стандарттардың) талаптарына сәйкес басқару жүйелерін дамыту жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) ХАССП (ағылшын тілінен HACCP – Hazard Analysis and Critical Control Points) – тәуекелдерді және сыни бақылау нүктелерін талдау үшін әзірленген және қабылданған халықаралық стандарт.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 № 18-03/947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       3. Субсидиялаудың мақсаты халықаралық стандарттарға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамыту және оларға сәйкестікке сертификаттау бойынша қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру болып табылады.

      4. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін АӨК субъектілерінің құжаттарын қарау және субсидияларды бөлу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы болатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      5. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия құрамына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Бұл ретте Комиссияның сандық құрамы тақ және бес адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

2. Субсидияларды алушылар

      6. Субсидиялар Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлғалар үшін) немесе Қазақстан Республикасының азаматтары (жеке тұлғалар үшін) болып табылатын АӨК субъектілерінің ИСО 9001, ИСО 14001, ИСО 22000 және ХАССП бір немесе бірнеше халықаралық стандарттарына сәйкес басқару жүйелерін дамыту және оларға сәйкестікке сертификаттау бойынша шығындарын ішінара өтеуге арналады.

3. Субсидияларды алу шарттары

      7. Субсидияларды алу үшін АӨК субъектілері бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне келесі құжаттарды:

      1) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің халықаралық стандарттың (халықаралық стандарттардың) талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оған (оларға) сәйкестікке сертификаттау бойынша шығындарын субсидиялауға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім);

      2) сәйкестік сертификатының (сертификаттарының) көшірмесін міндетті түрде салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын немесе оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.

      8. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген субсидиялар мынадай шарттарды сақтаған кезде:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды 20 қарашаға дейін ұсынғанда;

      2) халықаралық стандарттарға сәйкестікке сертификаттау өтінім берген күннің алдыңғы алты айдан ерте емес жүргізгенде;

      3) егер бұрын өтінімде көрсетілген халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес басқару жүйелерін дамыту және оларға сәйкестікке сертификаттау бойынша АӨК субъектілерінің шығындарын өтеу бойынша субсидиялар ұсынылмаған болса төленеді.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 № 18-03/947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Субсидияларды есептеу тәртібі

      9. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы халықаралық стандарттың (халықаралық стандарттардың) талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оған (оларға) сәйкестікті сертификаттау жөніндегі жобаның барлық құнынан АӨК субъектісі шығынының 50 %-ын құрайды.

      Субсидияларды бөлу өтінімдерді беру кезегіне сәйкес жүзеге асырылады.

5. Субсидияларды төлеу тәртібі

      10. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті жылға арналған республикалық бюджет бекітілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде өтінімдерді қабылдау және қабылдауды аяқтау мерзімі, қажетті құжаттар тізімі және субсидияларды беру шарттары туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады, жергілікті атқарушы органдарға, салалық қоғамдық бірлестіктерге, консалтингтік компанияларға жібереді.

      11. Комиссия хатшысы АӨК субъектілерінің өтінімін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы тігілген, нөмірленген және мөрмен бекітілген агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің халықаралық стандарттың (халықаралық стандарттардың) талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оған (оларға) сәйкестікке сертификаттау бойынша шығындарын субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді.

      12. Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде АӨК субъектілерінің өтінімдерін олардың толықтығы мен осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      13. Өтінімдерді қарастыру күні Комиссия АӨК субъектілері ұсынған құжаттарды қарау хаттамасын (бұдан әрі – Комиссия отырысының хаттамасы) жүргізіледі, онда АӨК субъектілерінің атауы мен мекенжайын көрсете отырып, оларға субсидия ұсыну немесе құжаттарын кері қайтару туралы Комиссия шешімі көрсетіледі.

      Осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін АӨК субъектілері субсидия алушылар болып айқындалады.

      14. Осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмейтін АӨК субъектілеріне Комиссия отырысының хаттамасы жасалғаннан күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінімді қайтару себептерін көрсете отырып, жазбаша дәлелді жауап беріледі.

      15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Комиссия отырысының хаттамасы негізінде он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастырады.

      16. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған ведомості бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта ұсынған кезде екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсынады, ал төлем шоттарын "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізген кезде төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды.

6. Субсидиялау бойынша есептілік

      17. Субсидияларды пайдалану туралы ақпарат бюджеттік бағдарлама әкімшісінің интернет-ресурсында тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оларға сәйкестікті сертификаттау бойынша шығындарын қайтаруға бөлінген субсидияларды бөлу бойынша есеп түрінде орналастырады.

  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің халықаралық стандарттың (халықаралық стандарттардың) талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оған (оларға) сәйкестікке сертификаттау бойынша шығындарын субсидиялауға арналған өтінім

       Күні: "___" _________ 20 __жыл

      Осымен_______________________________________________негізінде әрекет

       (құрылтай құжат)

      ететін _______________________________________________________ атынан

       (агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің атауы)

      басшы _______________________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен __________ бір

       (стандартты атап өту)

      немесе бірнеше халықаралық стандартының талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамытқаны және оған (оларға) сәйкестікке сертификаттағаны үшін ________________ теңге сомасында субсидия төлеуді сұрайды.

р/с

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік** немесе анықтама

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмері


ЖСН**


кім берді


берілген күні


Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

ЭҚТЖЖ-ға** сәйкес қызмет түрі

қызметтің негізгі түрі


қызметтің қосымша түрі


4.

Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

актінің нөмірі


облыс, аудан


қала (кент, елді мекен)


мекенжайы


кадастр нөмірі


барлық алаңы, гектар


оның ішінде жыртылған жерлер


нысаналы мақсат


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні және кім берді


жер учаскісінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушының атауы


5.

Ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңделген өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі объектінің сәйкестендіру және құқық белгілейтін құжаты

актінің нөмірі


облыс, аудан


қала (кент, елді мекен)


мекенжайы


кадастр нөмері


мақсатты қолдану


сәйкестендіру құжатының нөмірі, берілген күні және кім берді


объектінің меншік иесінің атауы


6.

Екінші деңгейлі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бары туралы анықтамасы

ЖСК**


бенефициар коды


Банктің деректемелері:

банктің атауы


БСК**


БСН**


7.

Консультантты тартқан жағдайда - тартылған консультант қол қойған орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі

актінің нөмері


актінің жасалған күні


оған сәйкес орындалған жұмыстар актісі жасалған шарттың нөмірі мен күні


тартылған консультанттың атауы


орындалған жұмыстардың (қызметтердің) түрі (атауы)


орындалған жұмыстардың (қызметтердің) жалпы құны


8.

Сертификаттау жөніндегі орган қол қойған орындалған жұмыстар (қызметтер) актісі

акт нөмірі


актінің жасалған күні


оған сәйкес орындалған жұмыстар актісі жасалған шарттың нөмірі мен күні


сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы


орындалған жұмыстардың (қызметтердің) түрі (атауы)


орындалған жұмыстардың (қызметтердің) жалпы сомасы


9.

ИСО 9001, ИСО 18000, ИСО 22000 және ХАССП бір немесе бірнеше халықаралық стандартының талаптарына сәйкес басқару жүйелерін дамытқаны және оларға сәйкестікке сертификаттағаны үшін төлемдер бойынша жазып берілген төлемдік тапсырма***

төлемдік тапсырма нөмері


жазып беру күні


ақшаны жіберуші банк


жіберуші банктің БСН**


бенефициар атауы


бенефициардың ЖСН/БСН**


бенефициарадың БСК**


бенефициар банкі


бенефициар банктің БСК**


төлемнің мақсаты


төлемнің кодтық белгісі


төлем сомасы


10.

ИСО 9001, ИСО 18000, ИСО 22000 және ХАССП бір немесе бірнеше халықаралық стандартының талаптарына сәйкес басқару жүйелерін дамытқаны және оларға сәйкестікке сертификаттағаны үшін төлемдер бойынша жазып берілген шот-фактура***

реттік нөмері


жазып беру күні


тауарларды, жұмыстарды, қызметттерді жеткізушінің мекенжайы


тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілер мен алушылар болып табылатын жеке кәсіпкерлерге қатысты - Т.А.Ә.** (ол бар болса) және (немесе) қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің атауы


тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілер болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы


жеткізушінің ЖСН/БСН**


өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы


салық салынатын айналымның мөлшері


қосымша құн салығының сомасы


қосымша құн салығы ескерілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер құны



      Ескертпе:

      *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтағанға дейін жарамды болып табылады;

      ** осы нысанда пайдаланылатын қысқартулар:

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЭҚТЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;

      БСК – банктің сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмері;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      *** көрсетілген құжаттардағы мәліметтер әрбір шығарылған құжат үшін толтырылады.

      Бұрын өтінімде көрсетілген халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оларға сәйкестікке сертификаттау жөніндегі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің шығындарын өтеу бойынша субсидиялар алмағанымды растаймын.

      Жалған ақпарат ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын.

      Басшы____________ _________________________________________________

       (қолы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

      "___" _________ 20 __жыл

      Өтінімге жауапты ____________________________________________________

      (өтінім жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Телефон: __________________

      Өтінім қарастыруға қабылданды "__" __________ 20__ жыл

      ________ ____________________________________________________________

      (қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің

       аты (бар болса))

  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің халықаралық стандарттың (халықаралық стандарттардың) талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оған (оларға) сәйкестікке сертификаттау бойынша шығындарын субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу журналы

№ р/с

Өтінім берілген күні

Агроөнеркәсіптік кешен субъектінің атауы

ЖСН/БСН

Өтінімді тапсырған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ұсынылған құжаттар тізімі

Өтінімді қабылдаған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Өтінушінің қолы

























  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      "Бекітемін"

      _________________________________________

      бюджеттік бағдарлама басшысының лауазымы,

      _________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________________________________

      20__ жылғы "___" _______ № ______________

Субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Р/с

Субсидия алушының атауы

Сомаға көрсетілген барлық қызметтер (теңге)

Оның ішінде

Төленуге тиіс (теңге)

консультациялық

сертификаттық








      Төленуге тиіс сома ___________________________________________ теңге.

       (цифрмен, жазбаша)

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

      құрылымдық бөлімшесінің басшысы _____________________________________

       қолы

      "___" _________ 20___жыл

  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оларға сәйкестікті сертификаттау бойынша шығындарын қайтаруға бөлінген субсидияларды бөлу бойынша есеп

р/с

Халықаралық стандарттың сәйкестік талаптарына алынған сертификаттың атауы

Аймақ атауы

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің алған субсидияларының жалпы көлемі

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілген субсидияның жалпы соммасы











Барлығы