"Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 599 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 ақпанда № 10224 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6386 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 25 тамызда № 224 (26285) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Зияткерлік меншік объектілері Кодексінің 439-бабымен бекітілген шарттар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) шешім қабылдағаннан кейін ЗМО кедендік тізілімге енгізуге жатады.»;
      4-тармақта:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «тауардың атауы, қорғау құжатына сәйкес, тауарлардың және қызметтердің халықаралық сыныптамасы бойынша тауарлардың классы, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша бірінші алты таңба деңгейіндегі тауарлар коды;»;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комитеттің аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні;»;
      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тізіліміне енгізгеннен кейін, Комитет жазбаша нысанда үш жұмыс күні ішінде мәлімдеушіні, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарын ЗМО кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектісі енгізілгені туралы хабардар етеді.
      7. Зияткерлік меншік объектісі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 439-бабының 7-тармағына сәйкес ЗМО кедендік тізілімінен шығарылған жағдайда Комитет үш жұмыс күні ішінде мәлімдеушіге, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарын зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізілімінен шығарылғаны туралы жазбаша хабардар етеді.»;
      Көрсетілген қағидаға қосымшада:
      3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарлардың атауы, ТҚХС бойынша тауарлардың классы/ КО СЭҚ ТН тауарлардың коды»;
      8-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комитеттің аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов