«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 598 бұйрығымен
бекітілген
нысан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК
________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Салық төлеушінің атауы_____________________________________
Тегі ______________________________________________________
Аты _______________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________
(ол болған жағдайда)
ЖСН (БСН) _________________________________________________
Тіркелген күні ____________________________________________
Қалыптастырған күні _______________________________________
№_____ Сериясы_________