Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.02.2017 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 41-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 4-бабы 1-тармағының 50-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2016 № 700 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамы салық берешегі есебіне салық төлеушінің (салық агентінің), кеден төлемдері мен салықтар және (немесе) бойынша берешек есебіне салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкін, сонымен қатар төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлға етіп айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.02.2017 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |