РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (Қ.Н. Абдуллаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 548 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай
ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Р/с № |
Атауы* |
1. |
Тауарлар: |
1.1. |
жеңіл автокөлік құралдары |
1.2. |
серверлерді алу (тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) |
1.3. |
жұмыс станцияларын алу (тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) |
2. |
Жұмыстар: |
2.1. |
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын орталық мемлекеттік органдардың белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялау |
3. |
Көрсетілетін қызметтер: |
3.1. |
ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, әкімшілендіру (тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) |
3.2. |
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде шығатын орталық мемлекеттік органдардың белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, дамыту және жаңғырту |
3.3. |
лицензияланған бағдарламалық өнімді техникалық қолдау (тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) |
Ескертпе:
*мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу:
1) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін Мемлекеттік сатып алу туралы заңның нормаларын қолданбай;
2) ерекше тәртіпте;
3) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оның ведомстваларының басқарылуымен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.