Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 желтоқсанда № 10046 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 669 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «АРЕВА НС» акционерлік қоғамына «Катко» Қазақстан-Француз бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 51 %-ын «АРЕВА МИН» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов