Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 532 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қарашадағы № 119 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 желтоқсанда № 9964 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 704 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 18.01.2015 № 14 (06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 704 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 18.01.2015 № 14 (06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрінің м.а

Т.Жақсылықов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 532 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 119 бірлескен
бұйрығымен бекітілген

Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына
қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 704 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 18.01.2015 № 14 (06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - АҚ/ТҚҚ туралы Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі - ФАТФ) халықаралық үлгілеріне сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 704 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 18.01.2015 № 14 (06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Осы Талаптарда Қаржы мониторингінің субъектілеріне тауар биржалары (бұдан әрі - Субъектілер) жатады.

      3. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылған ұғымдар АЖ/ТҚҚ туралы Заңда және "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада пайдаланылады.

      4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып

      қою – Субъектілердің терроризм және экстремизмді не олардың пайдасына қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне кіретін ұйымдардың немесе жеке тұлғаның, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің не оның пайдасына ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту жолымен қабылданатын шаралар;

      2) клиент – Субъектілердің қызметін пайдаланатын жеке және заңды тұлға;

      3) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру ережесімен айқындалған нысан

      (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны);

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық істерге қасақана немесе байқаусыз тарту мүмкіндігі;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, айқындау, сондай-ақ оларды төмендету бойынша Субъектілер қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты);

      6) уәкілетті орган – АЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қолданатын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 704 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 18.01.2015 № 14 (06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      5. Ішкі бақылау:

      1) Субъектілердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі - АЖ/ТҚҚ) туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуі;

      2) Субъектілердің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру (бұдан әрі - АЖ/ТҚ) тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде қолдауы;

      3) АЖ/ТҚҚ тәуекелдерін төмендетуі мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Ішкі бақылау ережелері (бұдан әрі - ІБЕ) АЖ/ТҚҚ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдық негіздерін реттейтін және Субъектілердің АЖ/ТҚҚ мақсатында іс-әрекет жасау тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.

      7. Заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес ІБЕ мынадай бағдарламаларды қамтиды:

      АЖ/ТҚҚ жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;

      технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасын;

      клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;

      клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;

      қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасын;

      ІБЕ сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаларды қамтиды.

      8. ІБЕ ұйымдастыру, іске асыру және сақтау мониторингі бойынша ІБЕ жауапты лауазымды тұлға не құрылымдық бөлімше тағайындауды көздейді.

      Ескерту. Жауапты тұлғаның лауазымына жоғарғы білімі жоқ, экономикалық қызмет саласында ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қасақана жасалған қылмыстары үшін алынбаған және жойылмаған сотталғандығы бар тұлға тағайындалмайды.

      9. Субъектілер ІБЕ-ні әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау міндеттемелерінің және оны жүзеге асыру бағдарламаларының орындалмауына "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікте болады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 704 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 18.01.2015 № 14 (06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      10. Егер АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер олар күшіне енген уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ІБЕ тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

2. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      11. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

      1) жауапты лауазымды тұлға не құрылымдық бөлімше қызметінің сипаттамасын қоса алғанда ішкі бақылауды ұйымдастыру тәртібінен, сонымен қатар АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында Субъектілердің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл тәртібінен;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау, жеке тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда және АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағындағы 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда клиентпен іскерлік қатынастарды орнатуды тоқтату тәртібінен;

      3) зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды Субъектілердің күдікті операция ретінде тану тәртібінен;

      4) уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды жіберу үшін қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтым жұмысының нұсқамалары мен регламенттерін қоса алғанда уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты, жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілерін беру тәртібінен;

      5) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қосқанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, сонымен қатар күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін құжаттық тіркеу және сақтау тәртібінен.

      Ескерту. Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға берілетін операцияларды құжаттық тіркеу нөмірленген, тігілген, басшының қолы және мөрімен бекітілген қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында жазылады.

      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында:

      ақпаратты уәкілетті органға беру нөмірі мен күні;

      хаттаманы жіберу негізі;

      уәкілетті органның ҚМ-1 нысанын қабылдауы/қабылдамауы туралы хабарлама нөмірі мен күні.

      6) Субъектілердің қызметкерлері оларға белгілі болған АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы, ІБЕ Субъектілер қызметкерлерінің бұзу фактілері туралы басшыны ақпараттандыру тәртібінен құралады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 704 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 18.01.2015 № 14 (06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      12. Жауапты лауазымды тұлғаның не құрылымдық бөлімшенің ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес мынадай:

      1) ІБЕ әзірлеу және келісу, оларға басшымен бірге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ оларды іске асыру және сақтау мониторингі;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға беруді ұйымдастыру және бақылау;

      3) клиент операцияларын күдікті ретінде тану туралы шешімдер қабылдау;

      4) клиент операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдау;

      5) клиент операцияларын тоқтату не жүргізуден бас тарту және уәкілетті органға жолдау қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      6) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

      7) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау үшін Субъекті басшысына сұраулар жолдау;

      8) клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты қабылданған шешімдерді құжаттық тіркеу;

      9) ІБЕ іске асыру барысында алынған деректер негізінде клиенттің дерекнамасын қалыптастыру;

      10) анықталған ІБЕ бұзу туралы басшыға ақпарат беру;

      11) ІБЕ іске асыру қорытындылары және АЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару жүйесін және АЖ/ТҚҚ ішкі бақылауды жетілдіру жөнінде ұсынылатын шаралар туралы Субъекті басшысына есепті ұсыну үшін ақпарат дайындау;

      12) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, сонымен қатар күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл сақтауды қамтамасыз ету;

      13) АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға және Субъектілердің ішкі құжаттарына сәйкес өзге функциялары бар.

      13. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес:

      1) өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған ақпаратты құпия сақтауды қамтамасыз етеді;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;

      3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұратуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

      Субъект және оның қызметкерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларды осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарламайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 704 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 18.01.2015 № 14 (06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

3. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы

      14. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы клиенттің операциясын жүзеге асыратын тұлғаның тәуекел деңгейін беру арқылы АЖ/ТҚ байланысты клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларын жүргізу тәуекеліне баға беруді көздейді.

      Ескерту. Тәуекел деңгейлері қолда бар мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      Тәуекелдерді бағалау қорытындылары құжаттық тіркеледі және тиісті мемлекеттік органдардың және Субъекті мүше болып табылатын қаржы емес ұйымдардың талаптары бойынша ұсынылады.

      Клиентке берілген тәуекелдер деңгейі қажеттілігі бойынша, алайда жылына кемінде бір рет қайта қаралуы тиіс.

      15. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің жоғары деңгейі:

      1) мынадай:

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) толық көлемде орындамайтын;

      жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері жоғары деңгейдегі;

      Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) салатын санкцияларға, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған;

      террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландырату немесе қолдау көрсететін және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар мемлекеттен (аумақтан) келген клиенттердің іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне.

      Осындай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбелеріне БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады;

      2) мынадай жағдайларда клиентке:

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға болып табылған;

      клиент жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның зайыбы, жақын туысы болып табылған;

      клиент (оның өкілі) не бенефициарлық меншік иесі, не операция бойынша клиенттің контрагенті Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте немесе аумақта тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;

      клиент АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген;

      клиент резидент емес болып табылған;

      мемлекеттік тіркеу кезінде клиенттің мәлімдеген орны оның басқару органының іс жүзіндегі қызмет орнымен сәйкес келмеген;

      клиентпен іскерлік қатынас (мысалы, Субъекті мен клиенттің арасында түсініксіз географиялық арақашықтық бар) ерекше жағдайларда жүзеге асырылған;

      клиенттің қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты болған;

      клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде Субъектілерде қиындықтар пайда болған;

      клиент асығыс операция жүргізуді талап еткен;

      Субъектілердің пайдаланылуы әдеттегі тәжірибесінен айрықшаланатын стандартты емес немесе есеп айырысудың әдеттегіден күрделі схемаларын жүргізуді талап еткен;

      клиент жаңа, сондай-ақ қолда бар өнімдерге берудің жаңа тетіктерін, жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қоса алғанда жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені қолданған;

      клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасаған;

      клиент коммерциялық емес ұйым болып табылған;

      клиенттің операциялары бұрын күдікті деп танылған;

      АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелімен байланысты клиент туралы өзге ақпарат болған;

      3) операциялар:

      қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, жалған атпен есімдерді қолданумен байланысты;

      айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;

      клиенттің оған тән емес жиілікпен немесе осы клиент үшін ерекше ірі сомаға жүргізілген;

      АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелі туралы ақпарат бар болған жағдайда беріледі.

      Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қолда бар мәліметтер негізінде клиенттерге тәуекелдің жоғары деңгейі берілмесе, тәуекелдің төмен деңгейі беріледі.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 704 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 18.01.2015 № 14 (06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

4. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      16. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді, анықтау, бұрын алынғанды жаңарту бойынша шараларды Субъектілердің жүргізуі болып табылады және:

      1) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті

      (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;

      3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде көзделгендей клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты олардың терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысының бары немесе жоғы;

      4) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексеру;

      5) сәйкесінше тіркелген, тұратын жері және орналасқан жері бар клиенттерді анықтау:

      ФАТФ ұсыныдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) не АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы

      4-тармағы 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланушы;

      оффшорлық аймақтарда;

      6) болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиенттер үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде қызмет түрі және жасалатын операциялардың қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметтер сұратады.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі бар клиенттер үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операциялары сипатының негізінде анықталады;

      7) тәуекел деңгейін беруге байланысты клиентке тәуекелдерді басқару бағдарламаларына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша шараларды қабылдау;

      8) клиент (оның өкілі) және бенефицарлық меншік туралы сәйкестендірілген мәліметтердің өзгерісіне қарай сәйкестендіру нәтижелері туралы алынған мәліметтерді жылына кемінде бір рет жаңарту;

      АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер жарты жылда кемінде бір рет жаңартылып отырады.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі төмен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту екі жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 3-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, сонымен қатар ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға тоқтатып қою шараларын қабылдауға байланысты Субъектілер уәкілетті органдарға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай бас тарту фактісі жөнінде хабарлама жібереді.

      АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды АЖ/ТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 704 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 18.01.2015 № 14 (06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

5. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы

      17. Субъектілер мынадай операцияларды анықтауды қамтитын, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын әзірлейді:

      1) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген;

      3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген.

      18. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген жағдайда, жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиенттің аталған Субъекте өткізілген барлық операцияларды қосымша зерделейді және тексеруді талап ететін операциялардың сипатын анықтайды.

      Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейін берген жағдайда клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 704 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 18.01.2015 № 14 (06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      19. Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын іске асыру аясында алынған мәліметтер құжаттық тіркеледі және клиенттің дерекнамасына енгізіледі.

      20. АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген клиенттің анықталған операциялары туралы мәліметтер мен ақпараттар уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша ұсынылады.

      21. Субъектілер міндетті зерделеуге жататын операциялар туралы хабарламаны осындай операция күдікті ретінде танылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.

6. Субъектілер қызметкерлерін АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      22. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10001 тіркелген "Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылқы 28 қарашадағы № 533 бұйрығымен бекітілген АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 704 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 18.01.2015 № 14 (06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.