Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 28.02.2022 № 16 және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 28.02.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
2016 жылқы 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 532 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қарашадағы № 119 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9964 тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.";
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптарда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Осы Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - АҚ/ТҚҚ туралы Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі - ФАТФ) халықаралық үлгілеріне сәйкес әзірленді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып
қою – Субъектілердің терроризм және экстремизмді не олардың пайдасына қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне кіретін ұйымдардың немесе жеке тұлғаның, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің не оның пайдасына ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту жолымен қабылданатын шаралар;
2) клиент – Субъектілердің қызметін пайдаланатын жеке және заңды тұлға;
3) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру ережесімен айқындалған нысан
(бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны);
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық істерге қасақана немесе байқаусыз тарту мүмкіндігі;
5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, айқындау, сондай-ақ оларды төмендету бойынша Субъектілер қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты);
6) уәкілетті орган – АЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қолданатын мемлекеттік орган.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Субъектілер ІБЕ-ні әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау міндеттемелерінің және оны жүзеге асыру бағдарламаларының орындалмауына "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікте болады.";
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау, жеке тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда және АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағындағы 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда клиентпен іскерлік қатынастарды орнатуды тоқтату тәртібінен;";
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес:
1) өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған ақпаратты құпия сақтауды қамтамасыз етеді;
2) АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;
3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұратуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Субъект және оның қызметкерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларды осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарламайды.";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің жоғары деңгейі:
1) мынадай:
ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) толық көлемде орындамайтын;
жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері жоғары деңгейдегі;
Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) салатын санкцияларға, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған;
террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландырату немесе қолдау көрсететін және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар мемлекеттен (аумақтан) келген клиенттердің іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне.
Осындай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбелеріне БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады;
2) мынадай жағдайларда клиентке:
клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға болып табылған;
клиент жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылған;
клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға болып табылған;
клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның зайыбы, жақын туысы болып табылған;
клиент (оның өкілі) не бенефициарлық меншік иесі, не операция бойынша клиенттің контрагенті Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте немесе аумақта тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;
клиент АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген;
клиент резидент емес болып табылған;
мемлекеттік тіркеу кезінде клиенттің мәлімдеген орны оның басқару органының іс жүзіндегі қызмет орнымен сәйкес келмеген;
клиентпен іскерлік қатынас (мысалы, Субъекті мен клиенттің арасында түсініксіз географиялық арақашықтық бар) ерекше жағдайларда жүзеге асырылған;
клиенттің қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты болған;
клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде Субъектілерде қиындықтар пайда болған;
клиент асығыс операция жүргізуді талап еткен;
Субъектілердің пайдаланылуы әдеттегі тәжірибесінен айрықшаланатын стандартты емес немесе есеп айырысудың әдеттегіден күрделі схемаларын жүргізуді талап еткен;
клиент жаңа, сондай-ақ қолда бар өнімдерге берудің жаңа тетіктерін, жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қоса алғанда жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені қолданған;
клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасаған;
клиент коммерциялық емес ұйым болып табылған;
клиенттің операциялары бұрын күдікті деп танылған;
АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелімен байланысты клиент туралы өзге ақпарат болған;
3) операциялар:
қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, жалған атпен есімдерді қолданумен байланысты;
айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;
клиенттің оған тән емес жиілікпен немесе осы клиент үшін ерекше ірі сомаға жүргізілген;
АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелі туралы ақпарат бар болған жағдайда беріледі.
Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қолда бар мәліметтер негізінде клиенттерге тәуекелдің жоғары деңгейі берілмесе, тәуекелдің төмен деңгейі беріледі.
АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады.
АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылады.
16. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді, анықтау, бұрын алынғанды жаңарту бойынша шараларды Субъектілердің жүргізуі болып табылады және:
1) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті
(оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау;
2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;
3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде көзделгендей клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты олардың терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысының бары немесе жоғы;
4) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексеру;
5) сәйкесінше тіркелген, тұратын жері және орналасқан жері бар клиенттерді анықтау:
ФАТФ ұсыныдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) не АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы
4-тармағы 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланушы;
оффшорлық аймақтарда;
6) болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу.
АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиенттер үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде қызмет түрі және жасалатын операциялардың қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметтер сұратады.
АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі бар клиенттер үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операциялары сипатының негізінде анықталады;
7) тәуекел деңгейін беруге байланысты клиентке тәуекелдерді басқару бағдарламаларына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша шараларды қабылдау;
8) клиент (оның өкілі) және бенефицарлық меншік туралы сәйкестендірілген мәліметтердің өзгерісіне қарай сәйкестендіру нәтижелері туралы алынған мәліметтерді жылына кемінде бір рет жаңарту;
АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер жарты жылда кемінде бір рет жаңартылып отырады.
АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі төмен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту екі жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 3-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, сонымен қатар ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға тоқтатып қою шараларын қабылдауға байланысты Субъектілер уәкілетті органдарға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай бас тарту фактісі жөнінде хабарлама жібереді.
АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды АЖ/ТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген жағдайда, жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиенттің аталған Субъекте өткізілген барлық операцияларды қосымша зерделейді және тексеруді талап ететін операциялардың сипатын анықтайды.
Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейін берген жағдайда клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10001 тіркелген "Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылқы 28 қарашадағы № 533 бұйрығымен бекітілген АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Тәжіяқов Б.Ш.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет"
ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылқы 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б. Сұлтанов | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев |