Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 18 қарашада № 9877 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 11 қарашадағы
№ 489 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, орталық атқарушы органның құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, республикалық мүлікке мемлекет құқықтарын, жекешелендіруді және экономиканың стратегиялық маңызы және стратегиялық объектілері бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитет егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттілік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 10.07.2019 № 699 бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Комитеттің міндеттері:

      1) орталық атқарушы органның құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, республикалық мүлікке мемлекет құқықтарын, жекешелендіруді іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыру;

      2) "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;

      14. Комитеттің функциялары:

      1) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық дерекқорын жүргізу;

      2) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншiгiнде не басқаруында мониторинг объектiлерi бар тұлғалармен бiрлесiп, кәсiпорындардың экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шараларды әзiрлеу;

      3) республикалық мемлекеттiк меншiкке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

      4) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асыру;

      5) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғыларын, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;

      6) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;

      7) таратылған республикалық мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін қайта бөлу;

      8) қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға "Мемлекеттiк мүлiк туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабымен көзделген мәселелердi келiсу;

      9) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен билік ету, дебиторлық берешекті беру және есептен шығаруды келісу;

      10) тиiстi саланың уәкiлеттi органына республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келiсім беру;

      11) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;

      12) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, сату туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға және тиісті орталық атқарушы органдарға олар объектіні жекешелендiргенге дейін осы материалдық құндылықтарды бұдан әрі орналастыру туралы шешім қабылдау үшін хабарлау;

      13)сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасасқан шарттары туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;

      14) республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      15) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, сондай-ақ республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болу;

      16) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асыру;

      17) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;

      18) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша республикалық меншiктегi акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінiң) мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын тиiстi саланың уәкiлеттi органына беру;

      19) өңірлердегі және тұтас алғанда республикадағы әлеуметтік-экономикалық дамуға қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы жөніндегі ақпаратты талдауды жүзеге асыру;

      20) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтерді көрсету;

      21) меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жоспары мен бағдарламасын бекіту;

      22) меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн мемлекеттiк бюджеттiк қаржы бөлу көлемiн негiздеу;

      23) республикалық мүлiк мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру, Қазақстан Республикасына тиесiлi мүлiктiк құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;

      24) "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру;

      25) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерiстердi талдау және өндiргiш күштердiң дамуын болжау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлері бойынша мониторинг объектiлерiн қадағалау;

      26) Қазақстан Республикасына тиесiлi акцияларға дивидендтердiң уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесi Қазақстан Республикасына тиесiлi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асыру;

      27) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпарат жинау мен талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерінің жүйелік зерттеулерін өткізуді ұйымдастыру;

      28) республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке алу;

      29) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберу;

      30) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келiсу;

      31) концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;

      32) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзу және мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн пайдаланушыларға ақпарат ұсыну;

      33) мемлекеттiк мүлiктiң мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлiктi алып қоюды республикалық мүлiкке қатысты үш жылда кемiнде бiр рет жүзеге асыру;

      34) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың республикалық меншікке берілетін мүлкі жөнінде сыйға тарту шартын жасасу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қабылдау;

      35) оларға меншік құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлiктi есепке алуды мемлекеттiк мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізу жолымен жүргізу;

      36) "Байқоңыр" кешені объектілерінің сақталуы мен оларды пайдалану шарттарына бақылауды жүзеге асыру;

      37) "Мемлекеттiк мүлiк туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабында белгiленген мәселелер тiзбесi бойынша мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) акционерлерiнiң (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысушылардың) жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешiмдердiң жобаларын келiсу;

      38) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

      39) республикалық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;

      40) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;

      41) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;

      42) сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;

      43) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асыру;

      44) республикалық мүліктің нысаналы және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

      45) жалғыз акционері (қатысушысы) Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде – директорлар кеңесіне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсыну;

      46) "Мемлекеттiк мүлiк туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауында белгiленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншiгiне алынатын мүлiкке өтем төлеудi жүзеге асыру;

      47) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      48) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;

      49) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеуге қатысу;

      50) зерттеу жүргiзу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшiн ұсынылуға тиiс ақпарат тiзбесiн көрсете отырып, мониторинг объектiсiнiң басшыларын зерттеу жүргiзiлетiнi туралы хабардар ету;

      51) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлеуге қатысу;

      52) меншiгiнде немесе басқаруында осы объектiлер бар тұлғаларды мониторинг объектiлерiн зерттеу нәтижелерiмен таныстыру;

      53) республикалық мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      54) республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      55) меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;

      56) меншiктiң мемлекеттiк мониторингінің нысанасы бойынша анық және объективтi талдау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;

      57) мониторинг объектiлерiн тiкелей зерттеуге, меншiктiң мемлекеттiк мониторингi нысанасына жатқызылатын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерiн тарту;

      58) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектiлерiнен меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұрату мен алуды жүзеге асыру;

      59) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      59-1) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз ету;

      59-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға беру бойынша шешім қабылдау;

      59-3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару және күтіп ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асыру;

      59-4) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз ететін қажетті мүліктің тізбесін әзірлеу;

      59-5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға берілетін активтерінің тізбесін әзірлеу;

      60) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.08.2018 № 795; өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 10.07.2019 № 699 бұйрықтарымен.

      15. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және оларға беру;

      2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;

      3) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіпте қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;

      4) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

      5) Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.

      17. Комитеттің Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет Төрағасының өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының, Комитеттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін айқындайды;

      2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін және Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады;

      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      5) Комитеттің штат саны лимитінің шегінде Комитеттің штат кестесін бекітеді;

      6) белгіленген тәртіпте Комитеттің қызметкерлеріне, Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларына іссапар, демалыстар ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      7) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;

      8) заңнамаға сәйкес Комитетті барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

      20. Комитет Төрағасы болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкілеттіктерін орындауды оның орнында болатын адам жүзеге асырады.

      21. Комитет Төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

      22. Комитет мемлекеттік мүлік және жекешелендіру органдары қызметінің мәселелерін қарайтын және консультативтік-кеңесу органы болып табылатын алқа құра алады. Алқаның сандық және персоналдық құрамын Комитет Төрағасының орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ішінен Комитет Төрағасы бекітеді.

4. Комитеттің мүлкі

      23. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Комитет егер заңнамада өзгелер белгіленбесе, оған бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқылы емес.

      26. Комитетке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі.

      Ескерту. Ереже тізбемен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.08.2018 № 795 бұйрығымен.

      1. "Ақпараттық есептеу орталығы" акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

      Ескерту. Ереже тізбемен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.08.2018 № 795 бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Ақтөбе мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Алматы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Атырау мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Шығыс Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Жамбыл мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Батыс Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Қарағанды мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Қостанай мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Қызылорда мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Маңғыстау мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Түркістан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Шымкент қаласы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Павлодар мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 10.07.2019 № 699 бұйрығымен.

      17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Алматы қаласы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.

      18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Байқоңыр мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi.