РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті (С.Т. Құсетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың және Көліктегі полиция департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.09.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
КЕЛІСІЛДІ |
КЕЛІСІЛДІ |
КЕЛІСІЛДІ |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрығымен бекітілген |
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптары және
оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2016 № 1113 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.09.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
р/с | Біліктілік талаптар мыналардың болуын қамтиды: | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Барлық кіші қызмет түрлері үшін | |||
1 | Заңды тұлғаның мәртебесі | "е-лицензиялау" МДБ-ны пайдалана отырып тексеріледі | |
2 | Жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі қызметтік үй-жайлар | Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы | "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті беруші алады |
3 | Прекурсорларды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, сату, бөлу, пайдалану, жою үшін өндірістік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база | Прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы органдарының қорытындысы | "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті беруші алады |
4. | "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорларының айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайту талаптарына сәйкес келетін есірткі құралдарын және (немесе) психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау үшін тағайындалған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде арнайы жабдықталған үй-жайлар | Заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыратын орны бойынша есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлінісінің келісім-хаты | Техникалық нығайту талаптарына сәйкестігі заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыратын орны бойынша есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлінісінің келісім-хатымен расталады |
5 | "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес есірткі құралдарымен және (немесе), психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкерлер |
Қызметкерлер тізімі, онда мыналар көрсетіледі: |
"Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес анықтама көшірмесі түрінде ұсынылады |
6 | Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларын сақтау үшін арналған үй-жайды күзету | Меншік нысанына қарамастан Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар күзететін объектілерді қоспағанда, жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларын сақтау үшін үй-жайды күзету келісімшарты | Құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады |
Есірткі құралдарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою | |||
7 | Есірткі, құралдарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сату, пайдалану, тасымалдау, жөнелту, бөлу жою үшін өндірістік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база | Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттар |
1) Көрсетілетін қызметті беруші ЖМТМДБ ақпараттық жүйесінен (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама түрінде) алады. |
Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру | |||
8 | Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру үшін арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базалар | Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттар |
1) Көрсетілетін қызметті беруші ЖМТМДБ ақпараттық жүйесінен (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама түрінде) алады; |
Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою | |||
9 | Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану, тасымалдау, жөнелту, бөлу, жою үшін өндіру үшін арналған меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі өндірістік-техникалық база | Меншік құқығын немесе өзгеде заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі |
11) Көрсетілетін қызметті беруші ЖМТМДБ ақпараттық жүйесінен (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама түрінде) алады. |
Құрамында есірткі құралдары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау | |||
10 | Есірткі құралдарын қамтитын өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау үшін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі өндірістік-техникалық базалар | Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттар |
1) Көрсетілетін қызметті беруші ЖМТМДБ ақпараттық жүйесінен (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама түрінде) алады. |
Құрамында психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау | |||
11 | Құрамында психотроптық заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау үшін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі өндірістік-техникалық базалар | Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттар |
1) Көрсетілетін қызметті беруші ЖМТМДБ ақпараттық жүйесінен (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама түрінде) алады. |
Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорларының айналымына байланысты қызметтер | |||
12 | Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатып алумен, сақтаумен, бөлумен, өткізумен, пайдаланумен, жоюмен байланысты денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде | Осы біліктілік талаптарының 4,5,6-тармақтары және есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бойынша құжаттар ұсынылады | "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабының 1-тармағының 29-8-тармақшасына сәйкес |
13 | Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.11.2016 № 1113 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. |