Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 қазанда № 9839 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілі тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) «Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2007 жылғы 2 қарашада № 168(1197) жарияланған);
      2) «Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 361 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6867 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 7 мамырда № 150-151 (26571-26572)) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамсыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.
      полиция генерал-майоры                          Е.Тургумбаев

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
      2014 жылғы 19 қыркүйектегі
      № 622 бұйрығымен   
      бекітілген      

Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған
адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған (бұдан әрі - шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар) адамдарды бақылау және оларға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылау тәртібін айқындайды.
      2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келген соң ол ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылып және оған бақылау ісі осы Қағиданың
1-қосымшасына сәйкес ашылып, тіркеуге жатады.
      3. Соттың адамды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулысы бақылау ісін ашуға негіз болып табылады.
      4. Ішкі істер органдары:
      1) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар таңдап алған тұрғылықты жеріне келуі бойынша бақылау істерін ашады және профилактикалық есепке қояды;
      2) тұрғылықты жері бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асырады;
      3) «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіпте және негіздер бойынша жедел-іздестіру іс-шаралар өткізеді;
      4) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам туралы ақпарат алу мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінің органдары және мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасады.
      5. Қайта қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоя отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның сотталуы, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жазасының өтелмеген мерзімінің аяқталуы, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшінің жойылуы, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның өлімі бақылау ісін жүргізуді тоқтатуға негіз болып табылады.
      6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдармен профилактикалық жұмыстың жүзеге асырылуын бақылау аудандық (қалалық, қаладағы аудандық) ішкі істер органы (бұдан әрі - ҚАІІО) жергілікті полиция қызметінің бастығына және оның орынбасарына жүктеледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      7. ҚАІІО-ның бастығы қылмыстық-атқару жүйесінің бөліністерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты хабарлама алған соң жергілікті полиция қызметінің бастығына шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұрғылықты жеріне келуін бақылауды жүзеге асыруды тапсырады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Учаскелік полиция инспекторы немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (бұдан әрі – УПИ) мекемеден хабарлама алған сәттен бастап тәулік ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) енгізу үшін тапсырма толтырады. Тапсырма жоспар «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастығына жолданады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрақты тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ҚАІІО-ның бастығы:
      1) жергілікті полиция қызметінің бастығына:
      профилактикалық есепке алуды және адамға арналған ақпараттық-іздеу картасын (бұдан әрі – Адам-АІК) ақпараттық-аналитикалық орталықтың (бұдан әрі – ААО) аумақтық бөліністеріне, сондай-ақ ақпаратты кезекші бөлімге, арнайы мекемеге және полицияның кешенді күштеріне жіберуді;
      қылмыстық-атқару жүйесі бөліністеріне хабарлауды;
      шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның қасақана қылмыс жасауының әрбір фактісі бойынша анықталған кемшіліктерді жою және ішкі істер органдарының профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдай отырып, қызметтік тексеріс жүргізуді;
      2) ҚАІІО криминалдық полиция бөлінісіне шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды жедел есепке алуды;
      3) ҚАІІО-ның криминалдық полициясына, кезекші бөлімдеріне, арнайы мекемелеріне және полицияның кешенді күштеріне шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылық және сотпен оларға жүктелген міндеттерді орындаудан жалтару фактілері туралы ҚАІІО-ның жергілікті полиция қызметінің бөліністеріне ақпарат ұсынуды тапсырады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      10. УПИ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адаммен әңгіме жүргізеді, тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережесін сақтау туралы ескертеді және оның уақтылығын бақылайды, бас бостандығын айыру орындарынан жіберілген А-АІК-дағы көрсетілген деректердің шынайылығын тексереді.
      11. Бақылау ісі осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың бақылау істерін тіркеу журналының бірінші бөлігінде тіркеледі.
      12. Бақылау ісі жазаның өтелмеген барлық мерзімі бойы жүргізіледі.
      13. Мыналар:
      1) аса қауіпті түрде қайталанып жасалған қылмыстар үшін, сол сияқты осындай экстремизм белгілері бар қылмыстар үшін;
      2) ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған адамдар жазаның өтелмеген мерзімі аяқталғаннан кейін «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының әрекетіне түсетін адамдар санатына ауыстырылады және бас бостандығынан айыру орындарынан іс жүзінде босатылған сәттен бастап 3 жылдан аспайтын уақытта есепте тұрады.
      14. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға қатысты, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген қылмыстары үшін жазасын өтеген адамдарды қоспағанда, жазаның өтелмеген мерзімі аяқталғаннан кейін бақылау ісін жүргізу тоқтатылады.
      15. Бақылау ісіне бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтаманың, сот үкімдерінің (олар болмаған жағдайда учаскелік инспектор қылмыстық-атқару мекемесіне сұрау салады), шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулының көшірмелері, соттылығын тексеру талабы және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға «Есептегі элемент» Біріктірілген деректер банкі есебінің басып шығарылған электрондық карточкасы, өмірбаяны, соттылығы туралы толыққанды түсініктемесі және осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланыстарының сызбасы тігіледі.
      16. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның облыстан (республикадан) тыс жаңа тұрғылықты жерге көшкен, қайта қылмыс жасағаны үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы күшін жойған, жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі өткен және ол қайтыс болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде АДБ-ға қажетті түзету енгізу үшін ААО-ға хабарлама жолданады.

2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      17. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келгеннен кейін УПИ үш жұмыс күні ішінде ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабына сәйкес оларға сот жүктеген міндеттер бойынша шектеулер белгілеу туралы осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаулы енгізеді.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      18. Тұрғылықты жерін тастап кетпеуге тыйым салуға қатысты Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндеттер бойынша белгіленген шектеулерді ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы жұмыс, оқу режиміне байланысты өзгерте алады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Есепке қойғаннан кейін УПИ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға, егер ол бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық не әкімшілік қамауға алынатын құқық бұзушылық жасаған немесе Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабында көзделген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда, ішкі істер органдары сотқа жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы ұсыныс енгізетінін түсіндіреді.
      20. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға шектеулер белгілеу туралы қаулы бақылау ісі материалдарына тігіледі. Қаулының көшірмесі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға түпнұсқасына қол қою арқылы тапсырылады.
      21. Тұрғылықты жері бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам дәлелсіз себептер бойынша 5 жұмыс күні ішінде тұрғылықты жеріне келмеген не болмаған және міндеттерін орындаудан қасақана жалтару фактілері анықталған жағдайда, УПИ бұл туралы ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына баянатпен баяндайды және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүрген жері және келмеу себептерін анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды жүргізеді.
      Тұратын жері анықталмаған жағдайда, сотқа оған іздестіру жариялау туралы не бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыныс енгізеді.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік қамауға тартылатын құқық бұзушылық жасаған және міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы материалдарды және бақылау ісін қоса отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазаның қалған өтелмеген бөлігін орындау мүмкіндігі туралы осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес дәлелді ұсынымды сотқа жолдайды.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      23. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды бақылау олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады. Егер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам дәлелді себептер бойынша аталған мекенжайда тұра алмаса, ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы оның өтінішіне сәйкес оған ҚАІІО қызмет көрсететін аумақтың шегіндегі басқа жерде уақытша тұруға рұқсат береді.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      24. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың сот жүктеген міндеттерін орындауын толыққанды бақылау мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері:
      1) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқы туралы жұмыс орны және тұрғылықты жері бойынша азаматтардан және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың әкімшіліктерінен мәліметтер сұрауға және алуға;
      2) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды әңгімелесуге ішкі істер органына шақыруға, қажет болған жағдайда мұндай әңгімелерді туыстарының келісімі бойынша оларды қатыстыра отырып өткізуге;
      3) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардан сот жүктеген міндеттердің орындалуына байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктерді талап етуге құқылы.
      25. УПИ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адаммен тұрғылықты жері бойынша сот белгілеген міндеттерді орындаудан жалтару және оның құқық бұзушылық жасау оқиғаларына жол бермеуі жөнінде ескерту жұмысын жүргізеді.
      26. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұрғын үйіне әрбір келу нәтижелері бойынша учаскелік полиция инспекторы немесе оны тексеретін полиция қызметкері бақылау парағына осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті белгі қояды.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      27. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың ішкі істер органдарына келу міндеті бақылау жасау, сондай-ақ профилактикалық сипатта әңгіме жүргізу мақсатында қолданылады. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның келу сағаттары, оның жұмысы мен оқуына әсер етпейтіндей есеппен белгіленеді.
      28. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның ішкі істер органына келуін тіркеу ҚАІІО жергілікті полиция қызметі бөліністерінде не учаскелік полиция пункттерінде жүзеге асырылады, бұл туралы арнайы тіркеу парағына осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі қойылады.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      29. УПИ сот белгілеген міндеттерді бұзудың әрбір фактісі бойынша осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат толтырады және ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығына баяндайды.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      30. Ішкі істер органының немесе соттың шақыртуы бойынша келмеген жағдайда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды мәжбүрлеп алып келу жүзеге асырылады.
      31. Қызмет көрсету аумағында тұрмайтын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда онда осы адамға бақылау жүзеге асыратылатын тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы көшірмесімен хабарлама жіберіледі.
      32. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұрғылықты жерінен ауданнан (қаладан, облыстан) тысқары шығуы туралы мәселелерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жазбаша арызының шығу себебін профилактикалық есепте тұрған кезеңдегі мінез-құлқын сипаттайтын деректер көрсетілген учаскелік инспектордың баянаты негізінде ҚАІІО жергілікті полиция қызметінің бастығы қарайды. Қабылданған шешім туралы арызға тиісті жазба жазылады.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      33. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға басқа жерге уақытша кетуге және онда бір тәуліктен артық болуға рұқсат берілген жағдайда қолхат арқылы бағыттық парақ осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес беріледі, онда басқа елді мекенге шығуға рұқсат берілген күні, бару мақсаты мен болу мерзімі, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның ішкі істер органында тіркелуі, шақыру бойынша белгіленген уақытта ішкі істер органына келуі, тұрғылықты жері бойынша оны қадағалауды жүзеге асыратын учаскелік полиция инспекторына өзінің оралғаны туралы хабарлау міндеттері көрсетіледі. УПИ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның кеткені туралы ол келуге тиіс аумаққа қызмет көрсететін ішкі істер органына осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде хабарлайды.
      34. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам басқа ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа келісімен, жергілікті полиция қызметі бөлінісінің қызметкері немесе УПИ келген адамды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа уақытша тұру үшін келген адамдарды тіркеу журналының екінші бөліміне тіркейді, оның бағыттық парағына тиісті белгілер қойып, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртаңбасымен) куәландырады.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 981 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.
      35. УПИ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның уақытша тұру мерзімі ішінде оның мінез-құлқы мен өмір сүру салтын қадағалауды жүзеге асырады, әңгімелесу үшін оның келу күндерін белгілейді, болу мерзімі аяқталғанда бағыттық парағына оның уақытша тұру жеріндегі мінез-құлқы туралы жазба енгізеді.
      36. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам тұрғылықты жеріне оралған кезде бақылауды жүзеге асырушы УПИ бағыттық парақтағы жазбалармен танысады, оған аталған адамның келгені туралы белгі қояды және бағыттық парақты бақылау ісіне тіркейді.
      37. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен жағдайда:
      1) бақылауды жүзеге асырушы ішкі істер органы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұратын аумақтағы ішкі істер органына осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат жолдайды;
      2) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жаңа тұрғылықты мекенжайы бойынша үш жұмыс күні ішінде тексереді және ақпарат жіберген органға хабарлайды;
      3) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның таңдап алған тұрғылықты жері бойынша келгені туралы расталған қатынас хатты алған соң, оның бақылау ісін және криминалдық полициядағы бар ақпараттарды әрі қарай бақылауы үшін жаңа тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына жолдайды;
      4) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға тұрғылықты жеріне кеткен кезде осы Қағидаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау парағы беріледі, онда кеткен күні, жаңа тұрғылықты жерінің мекенжайы және жаңа тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына тіркелуге келу мерзімі көрсетіледі.

Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
1-қосымша         

№_________бақылау ісі

_____________________________________________________________________
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанның тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________________________________
                      тұрғылықты мекенжайы
Бақылауды ___________________________________________________________
                             ҚАІІО-ның атауы
учаскелік полиция инспекторы_________________________________________
                            учаскелік полиция инспекторының атағы,
___________________________________________ жүзеге асырады
        тегі және аты-жөні

Басталған күні:                    
20___жылғы «____» _________________
Жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінің
аяқталу күні:                      
20___ жылғы «__» __________________

Әкімшілік қадағалау туралы Заңның  
қолданысына түсетін адамдар санатына
өткізу күні                        

20___жылғы «____» ________________ 

Бақылау ісін жүргізудің аяқталған күні:
20___ жылғы "____" ________________

Іс 20____ жылғы «__» _____________ дейін мұрағатта сақталсын.
(есепке алу-қадағалау ісі мұқабасының ішкі жағына жазылады)

Бақылау ісіне тігілетін құжаттардың тізбесі

      1. Іске тігілген құжаттардың тізімдемесі
      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтаманың көшірмесі
      3. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот қаулысының көшірмесі
      4. Өмірбаяны.
      5. Соттылығы туралы түсініктер.
      6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның байланыстар сызбасы.
      7. Тіркеу парағы.
      8. Есепке алынған адамды ҚСжАЕК-нің деректері бойынша арнайы тексерудің талабы.
      9. Соңғы соттылығы бойынша аудандық (қалалық, облыстық) сот үкімінің көшірмесі (үкімнен үзінді көшірме).
      10. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанға міндеттерді белгілеу туралы сотқа жолданған хабарламаның көшірмесі.
      11. Міндеттерді белгілеу туралы соттың қаулысы.
      12. «Бүркіт» БАЖ-ға енгізу туралы тапсырма-жоспардың көшірмесі.
      13. Әкімшілік құқық бұзушылық және сот жүктеген міндеттерді бұзу туралы хаттамалардың көшірмелері.
      14. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда әкімшілік жауапқа тарту туралы ҚАІІО және соттың қаулылары (оның ішінде әкімшілік айыппұлдарды төлеу туралы түбіртек көшірмелері).
      15. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға сот белгілеген міндеттердің сақталуын бақылау парағы.
      16. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адаммен әңгімелер өткізу туралы анықтамалар.
      17. Бағыттық және бақылау парақтарының түбіршектері, бағыттық және бақылау парақтары.
      18. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның өмір сүруін, мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар басқа да құжаттар.

Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
2-қосымша         

                                                                Нысан

Бекітемін                          
____________________________________
____________________________________

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты: Қазақстан Республикасынан шығуды жабу

Тапсырма
негізі:____(сілтеме)_________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Тапсырманың жарамдылық мерзімі І_І_І І_І_І І_І_І_І_І дейін(ӘҚ-ның
аяқталған күні)                (күні) (айы) (жылы)

Тегі             кириллица___________________________________
                 латынша ____________________________________
Аты              кириллица __________________________________
                 латынша ____________________________________

Әкесінің аты кириллица _______________________________ фотоның орны
             латынша _________________________________

Туған күні     І__І__І І__І__І І__І__І__І__І
                (күні)   (айы)    (жылы)

Жыныс _______________

Азаматтығы __________________________________________________________
Ұлты ________________________________________________________________
Туған күні __________________________________________________________
                            (облысы, елді мекені)
Туған жері __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Адам туралы қосымша деректер: _______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
табылған жағдайда кімге хабарлау керек ______________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыстан тыс уақытта: _______________________________________________
_____________________________________________________________________
Процессуалдық сипаттағы қандай шараларды жүргізу қажет: _____________
_____________________________________________________________________
Кім санкциялады: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Бастамашы:
____________________________________________________________________
                        (мемлекеттік орган)
____________________________________________________________________
                            (бөлімше)
____________________________________________________________________
                           (лауазымы)
____________________________________________________________________
                (қолы) (тегі, аты-жөні) (телефоны)

Толтырған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І
                (күні)  (айы)      (жылы)

Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
3-қосымша         

                                                                Нысан

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау
ісін тіркеу журналы

20__ жылы «__» ____________ басталды
20__ жылы «__» _____________ аяқталды

Журналдың ішкі мазмұны
Бірінші бөлім

Бақылау ісінің реттік нөмірі

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тегі, аты және әкесінің аты

Жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінің басталған күні

Жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінің аяқталған күні

«Бүркіт» базасына енгізген күні

Бақылауды жүзеге асырушы учаскелік инспектордың тегі

1

2

3

4

5

6













































































































Екінші бөлім

N р/с

Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылып келушінің тегі, аты, әкесінің аты

Тұрғылықты жеріндегі мекенжайы және шығуға рұқсат берген ҚАІІО-ның атауы

Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның ҚАІІО-ғатіркелген күні және уақытша тұру мерзімінің аяқталуы

Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның уақытша тұратын мекенжайы және бақылауды жүзеге асырушы учаскелік инспектордың тегі

ҚАІІО-ға кезекті келетінкүні

Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның тұрақты тұратын жеріне кеткені туралы ҚАІІО-ға тіркелген күні және оның мінез-құлқы туралы қысқаша ақпарат

1

2

3

4

5

6

7



































































































Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
4-қосымша         

                                                           Нысан

      Әр бөлімде тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орны, лақап аттары, сотты болғандығы көрсетіледі (сызбаға барлық достары, таныстары мен туыстары енгізіледі).

Сызбаны жасаған:
____________________                  ______________________
лауазымы, атағы                         тегі және аты-жөні

20__жылғы «___» _____________

Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
5-қосымша         

                                                                Нысан

Бекітемін                   
______________________бастығы
ҚАІІБ-нің атауы             
_____________________________
атағы, Т.А.Ә. қолы    
20__жылғы «____»_____________

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты
шектеулерді белгілеу туралы қаулы

___________________________________________________ учаскелік полиция
            (ҚАІІО-ның атауы)
инспекторы __________________________________________________________
                         (Т.А.Ә., атағы)
_____________________________________________________________________
                       (соттың толық атауы)
20__ жылғы «__»____________сот қаулысын қарап, оған сәйкес __________
_____________________________________________________ жазасын өтеуден
(шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның Т.А.Ә.)
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды және оған мынадай міндеттер жүктелді:
1.___________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________

      Ескертпе: Егер сот қаулысында тек Қазақстан Республикасы
ҚАК-нің 169-бабына сілтеме жасалған жағдайда «ҚАК-нің 169-бабында
көзделген......... міндеттер жүктелді».
      20___ «__»___________ сот қаулысы күшіне енгеннен соң шартты
түрде мерзімінен бұрын босатылған ________________________________
___________________________________________ мына мекенжай бойынша
тұруға келді және мен оны профилактикалық есепке қойдым.
      Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабына сәйкес тиісті
бақылауды қамтамасыз ету мақсатында шартты түрде мерзімінен бұрын
босатылғанға сот жүктеген міндеттер бойынша шектеу белгілеу қажет.
      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚАК-нің
169-бабын басшылыққа ала отырып,

Қаулы етті:

_____________________________________________________ қатысты мынадай
                     тегі, аты-жөні

міндеттер белгіленсін:

1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________

      Ескертпе: Шектеулер тізбесі шартты түрде мерзімінен бұрын
босатылған адамға Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабына сәйкес
сот жүктеген міндеттермен қатаң сәйкестікте белгіленеді.
________________________________________ учаскелік полиция инспекторы
_____________________________________________________________________
                           атағы, Т.А.Ә.

20__жылғы «__»_________

Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
6-қосымша         

                                                                Нысан

___________________ сотының төрағасы

Ұсыныс

      20___ жылғы "____" ___________ бастап Қазақстан Республикасы ҚК
"____" бабы бойынша "____" жылға сотталған, бас бостандығынан айыру
орындарынан жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған
адамның "____" жазасын өтемеген мерзімі 200____жылғы "__"____жылдан
бастап __________ мекенжайында тұратын _________ жылы туған
азамат(ша) __________________________________________________________
_____________________ профилактикалық есепте тұратынын хабарлаймын.
      ҚАІІО атауы
Азамат (ша) _______________________ жазасын өтеуден мерзімінен
бұрын-шартты түрде босатылғаннан кейін ішкі істер органдарының
ескертуіне қарамастан, түзелу жолына түспеді, құқыққа қарсы өмір
сүруді жалғастыруда және (сот белгілеген міндеттерді) құқық
бұзушылықтарға жол беруде.
_____________________________________________________________________
       (белгіленген міндеттерді бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық
         жасаған немесе жүктелген міндеттемелерді бұзу және олар
_____________________________________________________________________
           бойынша есептегі адамға қатысты қабылданған әкімшілік
                      ықпал ету шаралары көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
      Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, азамат (ша) тағы да
құқық бұзушылық жасады (сот белгілеген міндеттерді орындаудан
жалтарды)
_____________________________________________________________________
            (жол берілген құқық бұзушылық немесе белгіленген
                  міндеттерді орындамауы көрсетіледі.)
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып және Қазақстан Республикасы ҚАК
169-бабы, және Қазақстан Республикасы ҚК 72-бабының "1" тармағын
басшылыққа ала отырып, Сізден азамат (ша) __________________ тегі,
                                           аты, әкесінің аты.
жазадан мерзімінен бұрын-шартты түрде босатуды алып тастау мәселесін
шешуіңізді сұраймын
_____________________________________________________________ бастығы
                           ҚАІІО атауы,
_____________________________________________________________________
            атағы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы

20___жылғы "___"_____________

Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
7-қосымша         

                                                                Нысан

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты белгіленген міндеттердің сақталуын бақылау парағы

Тегі ________________________ Аты _________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________
Туған күні және туған жері ________________________________________
___________________________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы ______________________________________________
___________________________________________________________________
Бақылау мерзімі ________________бастап___________________ дейін

N р/с

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды тұрғылықты жері бойынша тексерген қызметкердің лауазымы, атағы, тегі

Тексеру күнімен уақыты

Тексеру нәтижелері (үйінде болды, болған жоқ)

Белгіленген міндеттерді бұзғаны үшін
мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға қолданылған шаралар

1

2

3

4

5





















Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
8-қосымша         

                                                                Нысан

Тіркеу парағы

Азамат (ша) ______________________________________________________
                шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның
                          тегі, аты және әкесінің аты
__________________________________________________________________
ҚАІІО ____________________________________________________________
                        ҚАІІО-ның толық атауы

Жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі ________________________ дейін
Тіркелу үшін белгіленген күні мен уақыты _________________________

N р/с

Тіркеуді жүргізгенқызметкердің лауазымы, атағы,тегі

Тіркелген күні

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның қолы

Ескерту

1

2

3

4

5





















Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
9-қосымша         

                                                                Нысан

_________________________________
ҚАІІО толық атауы    
бастығы _________________________

Баянат

      20___ жылғы "___" ___________ Қазақстан Республикасы ҚК _____
бабына сәйкес ____ жылға сотталған, бас бостандығынан айыру
орындарынан жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босап
шыққан_________________ мекенжайында тұратын________жылы туған
азамат(ша)___________________________________________________________
                            тегі, аты, әкесінің аты
ішкі істер органдарының ескертуіне қарамастан, құқыққа қарсы өмір
сүруін жалғастыруда және сот белгілеген міндеттемелерді, құқық
бұзушылыққа жол беруде. Әкімшілік жауапкершілікке тартылды,
міндеттерді орындаудан жалтарды
_____________________________________________________________________
(жол берілген әкімшілік құқық бұзушылық, белгіленген міндеттерді бұзу
_____________________________________________________________________
   және олар бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға
     қатысты қабылданған әкімшілік ықпал ету шаралары көрсетіледі)
      Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, азамат (ша) тағы да
құқық бұзушылық жасады _____________________________________________
                              (жол берілген құқық бұзушылық
____________________________________________________________________
      немесе міндеттерді орындаудан жалтару көрсетіледі.)
Баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабын
басшылыққа ала отырып, Сізден азамат (ша)___________________________
                                            тегі, аты, әкесінің аты
қатысты құжаттарды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын
босатуды алып тастау мәселесін шешу үшін аудандық, қалалық сотқа
жолдау мәселесін шешуіңізді сұраймын.

_____________________________________________________________________
                 ҚАІІО-ның атауы, учаскелік полиция
_____________________________________________________________________
      инспектордың атағы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы

20__ «__» ____________

Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
10-қосымша         

                                                                Нысан

Бағыт парағының түбіршегі
Азамат(ша)_____________________
        тегі, аты, әкесінің аты
_______________________________
_______________________________
елді мекеннің атауы
_________________ күн мерзімге
шығуға рұқсат берілді.
Рұқсат берілген күні ___________
Болу уақыты ______________ бастап ____________дейін белгіленген.
Азамат(ша) _____________________
             тегі және аты-жөні
елді мекенге келгеннен кейін жергілікті ішкі істер органында тіркелуге міндетті екендігі ескертілді.
Ескертумен таныстым
20___жылғы "____"______________
_______________________________
            қолы

БАҒЫТ ПАРАҒЫ
Тегі _________________________
Аты __________________________
Әкесінің аты ________________
Туған күні мен туған жері _______
Тұрғылықты мекен жайы ___________
Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған күні ________________ Жазаның өтелмеген мерзімі ______________ бастап ___________ дейін
Бақылауды жүзеге асыратын ішкі істер бөлімінің атауы ___________
Бақылаудағы адамның баратын елді мекеннің атауы _________________
Сапардың мақсаты _______________
Осы елді мекенде болу мерзімі
_______бастап______дейін белгіленген.____________________
ҚАІІО-ның атауы ________________________ бастығы
         атағы,
______________________________
    қолы, тегі, аты-жөні

Бағыт парағының сыртқы жағы


20___жылғы "___"______________
_______________________ келді.
  елді мекеннің атауы
____________________ кезекшісі
ҚАІІО-ның атауы
М.О.__________________________
  атағы, қолы, тегі, аты-жөні
Уақытша тұратын жеріндегі учаскелік полиция инспекторына келгені туралы белгі.
1. 20__жылғы "___"___________
     ҚАІІО қызметкерінің қолы
2. 20__жылғы "___"___________
     ҚАІІО қызметкерінің қолы
______________________ кетті.
елді мекеннің атауы
____________________ кезекшісі
      М.О.
______________________________
атағы, қолы, тегі, аты-жөні
20__жылғы "___"_________ тұрғылықты жеріне келді.
______________учаскелік полиция инспекторы
ҚАІІО-ның атауы _____________
   атағы, қолы, тегі, аты-жөні

Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
11-қосымша         

                                                                Нысан

Ішкі істер органының                    _____________________________
мөртаңбасы                                     ҚАІІО-ның атауы

___________________ бастығына

Хабарлама

____________________________________20__ жылғы «___»_______
      (ішкі істер органының атауы)
туған, _______________________________ мекенжайы бойынша тұратын
          тұрғылықты мекенжайы
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат (ша)
_____________________________________________________________________
                   тегі, аты, әкесінің аты
20__жылғы «__» ______________________________________________________
                         сапардың мақсаты
_____________________________________________________ тәулік мерзімге
          елді мекеннің атауы
шығуға рұқсат етілгенін хабарлаймын. Ол жерде _______________________
мекенжайы бойынша _______ бастап ______________________ дейін тұрады.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты уақытша тұратын жері бойынша
азамат (ша) _________________________________________________________
                         тегі, аты-жөні
мінез-құлқы мен өмір сүру салтын бақылауды ұйымдастыруды, оның
тарапынан болған құқық бұзушылықтар туралы __________________________
ішкі істер бөліміне хабарлауды сұраймын.
_____________________________________________________________ бастығы
                           ҚАІІО атауы,
_____________________________________________________________________
                атағы, қолы, тегі және аты-жөні
20__ жылғы «__» _____________________

Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
12-қосымша         

                                                                Нысан

Ішкі істер органының                     ___________________________
мөртаңбасы                                     ҚАІІО-ның атауы
                                         __________________бастығына

шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның
мекенжайын ауыстыру туралы
АҚПАРАТ

      Профилактикалық есепте тұратын, бас бостандығын айыру
орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат(ша)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                   тегі, аты, әкесінің аты
__________________________________________________________ тұрғылықты
мекенжайын өзгерту және ___________________________________ мекенжайы
бойынша шығу ниетінде екенін хабарлаймын.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты уақытша тұратын жері бойынша
азамат (ша) _________________________________________________________
                              тегі, аты-жөні
жаңа тұрғылықты жеріне уақтылы келуін бақылауды ұйымдастыруды
сұраймын.
Бақылау ісі азамат (ша)______________________________________________
                                     тегі, аты-жөні
жаңа тұрғылықты жеріне келгені туралы растау қағаз алғаннан кейін
жіберіледі.

_____________________________________________________________ бастығы
               ҚАІІО атауы
_____________________________________________________________________
                 Атағы
____________________________________________
          қолы, тегі, аты-жөні
20 __ жылғы «___»________

Жазасын өтеуден шартты түрде 
мерзімінен бұрын босатылған 
адамдардың мінез-құлқын   
бақылауды жүзеге асыру қағидасына
13-қосымша         

                                                                Нысан

Бақылау парағының түбіршегі __________________________
    елді мекеннің атауы
__________________ шығатын азамат(ша) ________________
__________________________
тегі, аты, әкесінің аты
Шығу күні ________________
Азамат(ша) ________________
         тегі және аты-жөні
елді мекенге келгеннен кейін жергілікті ішкі істер органына тіркелуге міндетті екендігі ескертілді.
Ескертумен таныстым
20__жылғы "___"__________
_________________________
         қолы

БАҚЫЛАУ ПАРАҒЫ
Тегі ______________Аты ________________
Әкесінің аты __________________________
Туған күнімен туған жері ______________
Тұрғылықты мекенжайы _________________
Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған күні_________________
Жазаның өтелмеген мерзімінің аяқталған күні __________________________________
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның таңдап алған елді мекенге шығу күні ____________________
Тіркелуге келген күні_________________
_________________________бастығы
       ҚАІІО атауы,
_____________________
       атағы,
_____________________
тегі, аты-жөні, қолы