РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16, 117-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 116 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 134 "Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықтың кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7567 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдедегі № 369-374 (27448) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына (Б. Бердалин) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі | Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2014 жылғы 3 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығымен бекітілген |
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің бірыңғай жүйесіне:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобы;
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық бөліністеріндегі медициналық қызметтердің санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөліністері (бұдан әрі – СЭҚБ);
Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы медициналық бөлімдер, пункттер (бұдан әрі – МБ, МП) кіреді.
3. Түзеу мекемелері құрамында ұйымдастырылған СЭҚБ аумақтық қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің медициналық қызметіне тікелей бағынады және облыстардың қылмыстық-атқару жүйесінің барлық объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады.
4. Мекемелердегі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру:
1) мекемелер объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды;
2) сумен жабдықтауды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды;
3) тамақтануды ұйымдастыруды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды;
4) монша-кір жуумен қамтамасыз етуді санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды;
5) жұқпалы және паразитарлық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді;
6)жұқпалы және паразитарлық ауруларды анықтаған кездегі эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін;
7) кейбір жұқпалы аурулар кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды;
8) дезинфекциялық іс-шаралар жүргізуді қамтиды.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру тәртібі
Параграф 1. Мекемелердің объектілерін
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
5. Мекемелер объектілерінің ұсталуын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды медициналық бөлім жүргізеді.
6. Желдету, жарықтандыру, жылу, сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін санитариялық-гигиеналық бақылауды СЭҚБ жүргізеді.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1431 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларына сәйкес микроклиматты және жарықты физикалық өлшеуді СЭҚБ мамандары үй-жайлардың микроклиматын сипаттайтын оңтайлы және рұқсат етілген параметрлер нормаларына сәйкес жүзеге асырады.
Параграф 2. Сумен жабдықтауды
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
8. Сумен жабдықтаудың ішкі желілерінің құрылғылары мен пайдаланылуын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды мекеме ұйымдастырады және жүргізеді.
9. МБ және МП бастығы:
сумен жабдықтау көздерін таңдауға қатысуды;
судың сапасы мен қауіпсіздігін және сумен жабдықтаудың ішкі желілерінің санитариялық жағдайын бақылауды;
жұмыскерлердің арнайы киіммен және жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады ("Лепесток" үлгісіндегі респираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, резеңке қолғаптар).
Мекемелердің МБ сумен жабдықтаудың ішкі желілерінде жұмыс істейтін адамдардың алдын ала және кезеңдік медициналық тексерістен уақтылы және толық өтуін қамтамасыз етеді.
10. Судың сапасын өндірістік зертханалық бақылау мекеменің өндірістік зертханасы немесе басқа аккредитацияланған зертхана Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларына сәйкес көрсеткіштерді анықтау және сынамаларды алу арқылы жүргізеді.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау көздері болмаған жағдайда орталықсыздандырмаған су көздері немесе тасымалды су пайданылады. Тасымалды суды сақтау үшін өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ететін көлемді ыдыстар орнатылады.
Суды сақтауға арналған ыдыстар кемінде 10 күнтізбелік күнде 1 рет тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады.
Параграф 3. Тамақтандыруды ұйымдастыруды
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
11. Тамақтандыруды ұйымдастыруды мекемелердің тылдық қамтамасыз ету қызметі жүзеге асырады, оларға мынадай функциялар:
жұмыстың сипаты мен ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі санаттағы тамақтанушылардың тамақтану режимін әзірлеу;
тәуліктік тамақтандыру нормалары бойынша ас дайындауды ұйымдастыру және осы нормалардың тамақтанушыға жеткізілуін бақылау;
ас мәзірінде тағам калориясын нақты есептеуді жүргізу жүктеледі.
12. Мекеменің МБ:
тамақтандыруды ұйымдастыруға санитариялық-гигиеналық бақылауды жүзеге асырады;
шикізаттың, тағам өнімдерінің сапасын, қауіпсіздігін куәландыратын құжаттардың және қосымша құжаттардың, сондай-ақ, олардың бақылауын, шығуын қамтамасыз ететін құжаттардың болуын тексереді;
шикізаттың және тағам өнімдерінің тасымалдану жағдайларын, көлік құралдарының санитариялық-гигиеналық жағдайын бақылайды;
тамақтану объектісінде жұмыс істейтін адамдардың алдын ала және кезеңдік медициналық тексерістен уақтылы өтуін, арнайы киіммен қамтамасыз етілуін, жеке және өндірістік гигенаның сақталуын бақылайды;
тамақтану режимін әзірлеуге, ас мәзірін жасауға қатысады, ас мәзіріндегі калорияға теориялық есеп жүргізеді;
мекеме бастығына арнайы нормалар бойынша тамақтандыруын ауыстыруға жататын адамдардың тізімін ұсынады;
барлық үлес нормалары бойынша дайындалған тағамның сапасын тексеруді жүзеге асырады.
Дайын тағамның сапасын органолептикалық бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға жазылады.
13. Тамақтану объектілерінде екі апталық перспективті маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) ас мәзірі жасалады. Перспективті ас мәзірін объектінің түрін, үй-жайлар жиынтығын және тоңазыту және технологиялық жабдықпен жарақталуын, ұйымдасқан ұжымдарда болу ұзақтығын, әр түрлі санаттарға арналған тамақтану ерекшеліктерін, жас мөлшерін, орындалатын жұмыстардың ауырлығын ескере отырып, әзірленеді.
14. Перспективті ас мәзірі мен шығарылатын өнімдердің ассортименті ведомстволық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметімен, сондай-ақ қайта қалпына келтіру жүргізгеннен кейін, тамақтану объектісінің бейіні немесе өндірістік үдерісі өзгерген жағдайда, бұрын бекітілген ассортиментке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда келісіледі.
15. Перспективті ас мәзірінде тағамдардың немесе аспаздық өнімдердің бір күн ішінде және кейінгі 2-3 күнтізбелік күн бойы бірнеше рет қайталануына жол берілмейді.
16. Нақты тамақтану рационын бекітілген перспективті ас мәзіріне сәйкес қамтамасыз етеді. Ерекше жағдайларда бір өнімдерді, тағамдарды және аспаздық өнімдерді олардың тағамдық құндылығын ескере отырып, басқаларына ауыстыруға жол беріледі.
17. Тамақтану объектілерінде тамақ түрлері жіктеп бөлінген ас мәзірін күнделікті жасайды, онда тамақтанатын адамдар санын, тағамның шығымын, сондай-ақ әр тағам бойынша жекелеген өнімдердің шығымын көрсету арқылы әр тамақтануға арналған тағамдар тізбесі көрсетіледі.
18. Ас мәзірін дайындау кезінде, сондай-ақ өнімдер мен тағамдарды ауыстыру күндері кемінде 10 күнтізбелік күнде бір рет тамақтану рационының тағамдық құндылығын (химиялық құрамы мен құнарлылығы) есептеу жүзеге асырылады.
19. Энергетикалық құндылығы бойынша үш мезгілдік тамақтану кезінде үлес нормасына бөлу (құнарлығы): үлес нормасы жалпы тәуліктік құнарлығына байланысты таңғы ас- 30-35%, түскі ас- 40-45%, кешкі ас-30-20%. Көрсетілген азық-түлікті бөлу тәуліктік энергетикалық құндылығы бойынша жұмыстың ауырлығына байланысты өзгереді, атап айтқанда (пайызға алғанда): 1 ауысымдағы жұмысшылар үшін - таңғы ас – 35%, түскі ас -40%, кешкі ас -25%; екінші және үшінші ( түнгі) ауысымдағы жұмысшылар үшін - таңғы және кешкі ас - 30%, түскі ас - 40% болады.
20. Күн сайын тағам блогында дайындалған тағамнан тәуліктік сынама қалдырылады. Бірінші тағамның жарты бөлігі тәуліктік сынамаға қалдырылып, екінші тағамның бүтіндей бөлігі кемінде 100 гр. мөлшерде (бұдан әрі-гр.), үшінші тағам кемінде 200 гр. мөлшерде алынады.
Тәуліктік сынама қақпағы жабылатын банкілерде +2+6 градуста арнаулы жерде мұздатқышта сақталады. 24 сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тағам қалдықтарына тасталады. Тәуліктік сынаманы сақтауға арналған ыдыс (сыйымдылық, қақпақтар) бес минут қайнатылып өңделеді.
Параграф 4. Монша-кір жууды қамтамасыз етуді
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
21. Мекемелерде ұсталатын адамдарды монша-кір жуумен қамтамасыз ету тылдық қамтамасыз ету қызметінің күштерімен және қаражатымен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
22. Мекеме:
қондырғылар, монша, кір жуу жабдықтары және ұстау бойынша санитарлық қадағалауды, дезинфекцияның сапасын, уақтылы жүргізілуін бақылауды, санитариялық өңдеуді, іш киімдерді ауыстыруды, оны жууды, салқын және ыстық сумен үздіксіз жабдықталуын;
монша-кір жууды қамтамасыз ету жұмыстарына тікелей жұмылдырылған адамдарға медициналық тексерісті;
СЭҚБ-нің монша-кір жууды қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстары мен нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етеді.
23. Моншаның өткізу қабілетіне қарай мекеме бастығының орынбасары эпидемияға қарсы іс-шараларға кететін уақытты ескере отырып, жуындыру кестесін бекітеді.
24. Мекемелерде ұсталатын адамдардың моншада жуынуы, бір уақытта ішкі киімін және төсек орнын ауыстыра отырып, 7 күнтізбелік күнде кемінде бір рет жүзеге асырылады.
25. Моншадағы үй-жайларды тазалау және дезинфекциялау әрбір жуынатын ауысымның алдында жүргізіледі.
26. Кір жуатын орында таза және кір киімдердің бірге берілуін және араласуын болдырмау арқылы технологиялық процесс ағынын сақтау көзделеді.
27. Барлық үй-жайларға күрделі жинау жұмысы кемінде аптасына 1 рет жүргізіледі.
28. СЭҚБ дезинфекциялық-камералық үй-жайларды тексеру кезінде:
дезинфекциялық камералардың санитариялық-техникалық жағдайын;
залалсыздандырудың белгіленген режимінің сақталуын;
төсек жабдықтары мен киімдерді камералық залалсыздандырудың толықтығын;
барынша жоғары термометрлердің көмегімен температуралық режимді тексеруді жүзеге асырады.
29. Монша-кір жуу объектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 94 қаулысымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларымен регламенттеледі.
6. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және
дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
Параграф 1. Жұқпалы және паразиттік аурулармен ауыратын
науқастарға санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
30. Санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру мекемелердің басшысына жүктеледі.
31. Санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар:
мекемеге жұқпалы ауруларды алып келудің;
мекемелерде ұсталатын адамдардың арасында жұқпалы аурулардың пайда болуын, таралуы мен жоюдың;
мекемелер шегінен тыс жұқпалы ауруларды таратудың алдын алуға бағытталған.
32. Санитариялық-эпидемияға қарсы қамтамасыз ету:
мекемеде және ол орналасқан ауданда санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауды;
мекемелерде ұсталатын адамдарды қабылдау кезінде мекемеде жүргізілетін іс-шараларды;
мекемелерде ұсталатын адамдардың денсаулық жағдайын медициналық бақылауды;
мекемелердегі декреттелген адамдарды (тамақтандырумен, сумен жабдықтаумен байланысты) профилактикалық және кезеңдік медициналық тексеру мен зертханалық зерттеуді;
аумақтың, жатақхананың ұсталуын, тамақтандыруды ұйымдастыруды, сумен жабдықтауды және кәріз желілерін, монша-кір жуумен қамтамасыз етуді, жеке гигиена ережелерін сақтауды санитариялық-эпидемияға қарсы бақылауды;
жоспарлы профилактикалық егу жүргізуді;
профилактикалық дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды жүргізуді;
салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттауды;
медициналық персоналды жүйелі жетілдіруді және дайындауды;
жұқпалы аурулар пайда болған жағдайда эпидемияға қарсы шаралар жүргізу (объектілерге қосымша керуеттер әкелу, қажетті жабдықтармен жарақтандыру) үшін күштер мен қаражаттар даярлауды;
жедел және ретроспективті эпидемиологиялық талдауларды қамтиды.
33. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау эпидемияға қарсы тұруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау үшін негіз болып табылады.
34. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың міндеттері:
мекемелер орналасқан ауданның санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жүйелі түрде зерделеу;
мекемелер орналасқан аумақтың санитариялық жағдайын, су көзін үздіксіз медициналық бақылау;
орын алған жұқпалы аурулар, эпизоотийлер және сыртқы орта объектілерінің бактериалды ластануын анықтау туралы мәліметті уақтылы алу болып табылады.
35. Мекемелер орналасқан ауданда санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бойынша мәліметтерді зерделеу және нақтылау:
тұрғындардың жұқпалы ауршаңдығының құрылымымен және өсу динамикасымен танысу;
эпидемиялық аурулардың таралу жолдарының мүмкін болатын көздерін және мекемеде ұсталатын адамдардың тез қабылдауын зерделеу;
жүргізілетін профилактикалық, эпидемияға қарсы және эпизоотийге қарсы іс-шаралардың көлемі және сапасымен танысумен қамтамасыз етіледі.
36. Мекемелер орналасқан аудандағы эпидемиологиялық жағдай туралы жүйелі ақпаратқа:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі - ТҚҚК) аумақтық органдарынан халық арасында жұқпалы аурумен аурушаңдық туралы мәлімет алу;
дәрігерлердің ТҚҚК аумақтық органдары өткізетін медициналық съездер, конференциялар, кеңестер, семинарлар және қоғамдық отырыс жұмыстарына қатысуы арқылы қол жеткізіледі.
37. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде мекемелердің МБ бастықтары:
тұрғындар мен жануарлар арасындағы жұқпалы аурулармен аурушаңдық туралы, жүргізілетін профилактикалық, эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар туралы мәліметтерді жүйелі алу үшін;
жүргізілетін профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін;
консультативтік көмек алу үшін ТҚҚК аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл жасасады.
38. Мекемеге жұқпалы аурулардың келуін ескерту мақсатында мекемеде ұсталатын адамдар 15 тәулік ішінде толық санитариялық өңдеуден, медициналық куәландырудан өтеді және карантин үй-жайына орналастырылады.
Жұқпалы аурулармен тығыз байланыста болаған адамдар МБ бастығының қорытындысына сәйкес медициналық бақылауға жатады.
39. Сотталғандар карантин үй-жайында болған кезде осы үй-жайдан тыс жұмыстарға тартылмайды.
40. Медициналық бақылау кезінде сотталғандар арасынан жұқпалы аурулар анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізіледі.Бұл жағдайда медициналық бақылаудың ұзақтығы соңғы ауырған адамды оқшаулаған күннен бастап белгіленеді.
41. Мекемелерде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүзеге асыру үшін арнайы белгіленген күнтізбелік кезеңде эпидемиологиялық талдау (ретроспективалық талдау) жүргізіледі - ай, тоқсан, жыл.
Сонымен қатар, эпидемиологиялық талдау эпидемия ошағында да жүргізіледі (жедел эпидемиологиялық талдау).
ҚАЖ мекемелерінде эпидемиологиялық талдауды СЭҚБ мамандары жүргізеді.
42. Ретроспективті эпидемиологиялық талдауды жүргізу кезінде қызмет көрсететін адамдар арасында сырқаттанушылық құрылымы, динамикасы және деңгейі зерделенеді. Инфекция көзі, жұқтыру жолының ерекшелігі әрбір нозологиялық нысан бойынша зерделенеді. Бұдан басқа, жұқпалы аурушаңдықты одан әрі болжау үшін эпидемиялық ошақтың пайда болу себебіне тиянақты талдау жүргізіледі.
43. Эпидемиологиялық болжамдар нақты жағдайларда эпидемиялық ағымдағы үрдісті белгілеу үшін жүргізіледі және жыл мерзімнің өткен кезеңіндегі эпидемиологиялық бақылау, эпидемиологиялық талдау нәтижелері мен нақты жұқпалы аурудың эпидемиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, беріледі. Эпидемиологиялық болжам негізінде МБ бастығы жұқпалы аурудың алдын алуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді.
Параграф 2. Жұқпалы аурулар анықталған
кездегі эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені
44. Мекемеде жұқпалы аурулар (күдіктілер) анықталған кезде МБ бастығы:
ауруларды анықтау, оқшаулау және ем қабылдауға жатқызу, дәрігер-инфекционистің кеңесін алу және емдеу;
ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау;
ауру көзін анықтау мен оқшаулау мақсатында эпидемиологиялық тексеру және провизорлық іс-шараларды өткізу үшін байланыс аясын белгілеу;
медициналық бақылау, обсервациялау немесе карантин;
санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастырады.
45. Жұқпалы ауруларды уақтылы (ерте) анықтауды амбулаторлық қабылдауда, медициналық тексерістер кезінде, сондай-ақ жатақханаларды, камераларды мекеме әкімшілігімен бірлесіп аралау кезінде медициналық жұмыскерлер жүзеге асырады.
46. Науқастар және жұқпалы ауруға күдікті адамдар дереу оқшауландырылады және мекемелердің МБ жұқпалы боксына жатқызылады.
47. Жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды (күдіктілерді) ұстауға қойылатын жалпы талаптар:
инфекцияны жұқтыру механизмі әртүрлі жұқпалы ауруларды бөлек орналастыру;
оқшауланған палаталарды (бейімделген үй-жайларды) тамақтандыру және сумен жабдықтау объектілерінен кемінде 30 метр қашықтықта орналастыру;
оқшауланған палаталарды киім-кешектер мен төсек жабдықтардың толық жинағымен, ыдыстармен, науқасты күту заттарымен, киімді суға салуға арналған ыдыстармен, киім сақтауға арналған қаптармен, аурулардан бөлінетін заттарды дезинфекциялауға арналған қабылдағыштармен, сондай-ақ дезинфекциялық және дезинсекциялық заттармен қамтамасыз ету, оқшауланған палатаға түскен ауруларды гигиеналық жуу, ал көрсеткіштер кезінде санитариялық өңдеу, дезинфекциялық режимді сақтау болып табылады.
48. Кейбір жағдайларда науқастарды денсаулық сақтау органдарының аумақтық медициналық мекемелеріне жатқызу МБ бастығының қорытындысы бойынша және мекеме бастығының келісуімен жүзеге асырылады.
Мұндай науқастарды соматикалық науқастармен және сау адамдармен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
49. Жұқпалы ауруға күдікті адамдарды аумақтық денсаулық сақтау органдарына жатқызу кезінде, оларды алып жүру үшін жедел көмек көрсетуге кажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген медициналық жұмыскер бөлінеді.
50. Жұқпалы науқасты тасымалдаған көлікке эвакуациядан кейін 2 сағаттан кешіктірмей ауруды жатқызған мекеме қорытынды дезинфекциялау жүргізеді.
51. Ауру пайда болған кезде эпидемияға қарсы іс-шаралар эпидемиялық ошақ шегінде өткізіледі.
52. МБ бастығы және СЭҚБ эпидемиологы эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.
Тексеру процесінде инфекцияның болжамды көзі, қоздырғыштың таралуы мүмкін жолдары мен факторлары айқындалады, қатынаста болған адамдар аясы анықталады.
53. Жұқпалы аурулардың жекелеген жағдайларында эпидемиологиялық зерттеу кезінде МБ бастығы:
науқастан жауап алуды және тексеруді;
онымен ошақта байланыста болғандардан жауап алуды және тексеруді;
сыртқы ортаны, оның ішінде зертханалық тексеруді жүргізеді.
54. Жауап алу және тексеру нақты инфекцияның эпидемиологиялық ерекшліктеріне сәйкес және инфекцияның көздері мен жұғу жолдарын анықтау мақсатында зерттеудің зертханалық әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Эпидемиологиялық тексерістің мәліметтері ошақта өткізілетін іс-шараларды түзету үшін қолданылады.
Топтасып аурулардың (эпидемиологиялық тұтану) себебі бойынша эпидемиологиялық тексеріс кезінде МБ бастығы СЭҚБ эпидемиологымен бірлесе отырып, жасақтар, бригадалар, камералар, аурудың пайда болған мерзімдері бойынша талдау жасайды. Осындай тексерістің мақсаты әрбір ауырған адам үшін инфекцияның көзі мен жұғу жолдарын, топтасып аурудың дамуындағы барлық механизмді анықтау болып табылады.
55. МБ бастығы әрбір жұқпалы аурудың пайда болған жағдайы туралы жоғары тұрған медицина бастығын хабардар ете отырып, мекеме бастығына баяндайды.
Диагноз белгіленген сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірмей жұқпалы ауру, астан улану, егуге өзгеше реакция беру туралы жедел хабарламаны СЭҚБ-ге жолдайды. Хабарламаның уақтылығына жауапкершілік МБ бастығына жүктеледі.
56. Жұқпалы аурудың ошағында эпидемияға қарсы режимдік-шектеу іс-шаралары өткізіледі.
Эпидемияға қарсы режимдік-шектеу іс-шараларының үш санаты бөлінеді, олар:
күшейтілген медициналық бақылау;
обсервация;
карантин.
57. Күшейтілген медициналық бақылау жұқпалы аурулармен ауырғандарды, кейіннен оларды оқшаулау және ем қабылдауға жатқыза отырып, жұқпалы ауруларды белсенді анықтауға бағытталған. Жұқпалы ауруларды белсенді анықтау жауап алу, тексеру, термометрия, зертханалық зерттеу жолдарымен жүзеге асырылады.
Күшейтілген медициналық бақылау мекеменің МБ бастығының нұсқауы бойынша енгізіледі.
58. Обсервация МБ бастығының ұсынымы бойынша мекеме бастығының бұйрығымен енгізіледі.
Обсервация:
күшейтілген медициналық бақылауды;
мекемелерге сотталғандардың келіп түсуін шектеуді көздейді. Обсервация енгізілген мекемеге этап келген жағдайда, келген сотталғандар бөлек орналастырылады, ал мекемеден кету туралы мәселе әрбір нақты жағдайда жеке шешіледі;
туысқандарымен кездесулерді шектейді және тоқтатады;
арнайы емдеу-алдын алу және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізеді.
59. Карантин мынадай іс-шараларды:
толық оқшаулау, мекемелерге кіруге және одан шығуға тыйым салуды, мекемелер ішінде адамдардың қозғалысын;
күшейтілген медициналық бақылауды;
туысқандарымен кездесулерді шектеу және тоқтатуды;
арнайы емдеу-алдын алу және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізуді көздейді.
Мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау жүк алаңдары арқылы жүзеге асырылады. Мекемелердің ішінде сотталғандарды бір-бірінен барынша оқшаулауды және жеткізу пункттері арқылы тамақтандыруды ұйымдастыра отырып, жасақтар бойынша байланысын үзу жүргізіледі.
Карантин шарттарын орындауды қамтамасыз ету үшін мекемеде қызмет атқарудың күшейтілген түрі ұйымдастырылады. Мекемеде карантин СЭҚБ ұсынымы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық департаменттері басшылығының бұйрығымен орнатылады.
Параграф 3. Кейбір жұқпалы аурулар кезіндегі эпидемияға
қарсы іс-шаралар
60. Ішек инфекциясын ескерту жөніндегі іс-шаралар кешенді және тұрақты түрде жүргізіледі.
61. Негізгі санитариялық-профилактикалық іс-шаралар:
1) мекемелерде ұсталатын адамдарды орналастыру, сумен жабдықтауды және тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайларына зерттеудің зертханалық әдістерін қолдану арқылы пәрменді медициналық бақылауды қамтамасыз ету;
2) декреттелген контингентті зертханалық зерттеу;
3) профилактикалық дезинфекция мен дезинсекция жүргізу (үй-жайларды, кәрізделген және кәрізделмеген дәретханаларды, лас қалдықтарды және ағын суларды, қоқыс және қалдықтар жиналған орындарды, шыбындармен күресуді, ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын суды залалсыздандыру, сумен жабдықтаудың дербес жүйелерін және суды жеткізу мен сақтауға арналған ыдыстарды дезинфекциялау, ас үй мүккәмалдары мен ыдыстарын залалсыздандыру);
4) мекемелерде ұсталатын адамдардың жеке гигиенаның негізгі талаптарын сақтауына және ол үшін тиісті жағдайлар жасауды медициналық бақылау;
5) дизентериямен ауыратындарды және жіті ішек инфекцияларымен ауыратындарды ерте анықтау (бірінші тәулікте), оқшаулау және ем қабылдауға жатқызу;
6) аурулармен байланыста болған адамдарды медициналық тексеру (көрсеткіштер бойынша бактериологикалық тексеріс және профилактикалық фагирлеу);
7) санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
62. Объектілердегі тамақтандыру және сумен жабдықтау үшін тұрақты жұмыс істеуге жұмылдырылған адамдар осы объектілерде жұмыс істеу кезінде медициналық бақылауға алынады.
63. Асханаға жұмысқа тағайындаған адамдар нарядқа шығар алдында медициналық қаралудан өтеді, бұл туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асханадағы жұмыскерлерді медициналық тексеру журналына белгі қойылады.
64. Диагнозы анықталмаған науқастар дене қызуы 3 күнтізбелік күннен астам тұрақты жоғары температурада болған кезде іш сүзегіне тексеріледі.
65. Сальмонеллез, іш сүзегімен ауырған адамдар есепке алуға және диспансерлік бақылауға жатады.
66. Жіті ішек инфекциясы бар жекелеген ауруларға МБ дәрігері (бастығы) эпидемиологиялық зерттеу жүргізеді және:
ауруды жұқтырған орынды анықтауға;
қоздырғышты жұқтыруы мүмкін жолдарды анықтауға (тамақты – қандай, қашан және қайда қолданды, суды – қайдан, қандай көзден және қашан пайдаланды);
жұқтыру тәуекеліне жататын адамдардың ортасын анықтауға бағытталады.
Осы мақсаттарды шешу үшін:
науқастан жауап алу және тексеру;
ошақта байланыста болғандардан жауап алу және тексеру;
мекеме шегінде сыртқы орта объектілерін қарау және тексеру жүргізіледі.
67. Науқастан жауап алу кезінде эпидемиологиялық анамнез жиналады. Бұл ретте:
аурудың басталған уақыты;
бұрын ішек инфекцияларымен ауырғандығы (қашан, қайда емделді);
тамақтанудың және суды пайдаланудың сипаты;
ауру басталғанға дейін ең жоғарғы инкубациялық кезең ішінде ауырған адамның қайда болғандығы (жұқтыру орны туралы мәселені шешу үшін);
аталған аурудың клиникалық ерекшеліктері анықталады.
68. Науқаспен бірге (немесе одан) жұқтыруы мүмкін адамдарды анықтау жүргізіледі. Мекеме ішінде жұқтыру фактісі анықталған кезде тамақтандыру жұмыскерлеріне және ауырғандарға бактериологиялық тексеріс жүргізіледі.
69. Науқастан және басқа да адамдардан жауап алу барысында алынған мәліметтерге сәйкес инфекцияның пайда болу және жұғу факторларын айқындау мақсатында қоршаған орта элементтері тексеріледі.
70. Эпидемиологиялық тексерістің негізгі мақсаты тұтанудың түрін және сипатын, сондай-ақ оның дамуына мүмкіндік туғызатын жағдайларды анықтау болып табылады.
Эпидемиологиялық тексеріс барысында тұтануға әсер еткен болжамды себептерді анықтау мақсатында ошақтың бөлек объектілерінің (тамақтандыру және сумен жабдықтау объектілері, аумақ) санитарлық жай-күйі туралы мәліметтер жиналады. Жасақтар бойынша аурудың құрылымы тұтанудың дамуына әсер ететін ауырғандардың еңбек пен тұрмыс жағдайларымен және басқа да факторлармен салыстырылады. Бір уақытта судың, күдікті ас тағамдарының және тамақтандыру блогы құралдарының шайындыларының зертханалық зерттеулері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру жұмыскерлеріне, ауырғандарға бактериологиялық тексерістер жүргізіледі.
71. Эпидемиологиялық тексерістің қорытынды кезеңі барлық материалдарды талдау мен жинақтау болып табылады. Фактілерді салыстыру және барлық мәліметтерді сыни бағалау негізінде инфекция көздері, жұғу жолдары мен жіті ішек инфекциясы пайда болуына әсер ететін жағдайлар туралы соңғы қорытынды жасалады. Бұл қорытындылар эпидемияға қарсы іс-шаралардың көлемі мен сипатын анықтау және олардың тиімділігін неғұрлым жеделдететін нақты жағдайларда қамтамасыз етіп, мақсатты жүргізу үшін қолданылады.
72. Мекемеде жұқпалы ауруы бар науқас (күдікті) анықталған жағдайда МБ бастығы:
науқасты дереу оқшаулауды және ауруханаға жатқызуды ұйымдастырады;
жұқпалы ауру, тамақтан немесе кәсіби улану, егуге ерекше реакция беру туралы мекеме бастығына және жоғары тұрған медицина бастығына хабарлайды, СЭҚБ шұғыл хабарлама жолдайды;
ошақта қорытынды дезинфекция өткізуді және ошақтарда аурулармен байланысқа түскен адамдарға (дизентерия кезінде – 7 тәулік, іш сүзегі кезінде – 21 тәулік, вирустық А гепатитін кезінде – 35 тәулік ішінде) көрсеткіш бойынша зертханалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады және осы мерзім ішінде оларды асхана бойынша наряд құрамына қосуға тыйым сала отырып, медициналық бақылау белгілейді;
аурудың сылтаурату көріністеріне жол бермеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
тамақтандыру және сумен жабдықтауға, аумақты тазалауға бақылауды қамтамасыз етеді.
73. Жіті ішек инфекцияларының эпидемиялық тұтануы пайда болған жағдайда жоғарыда көрсетілген іс-шаралардан басқа, қосымша:
1) астан улану кезінде:
күдік тудыратын азық-түліктердің, тағамдардың немесе олардың қалдықтарының сынамасын одар әрі санитариялық-эпидемиологиялық мекемеге сараптамаға жолдай отырып, пайдаланудан шығарады;
тамақтың инфекциялануына және онда қоздырғыштардың көбеюіне әсер ететін себептерін айқындайды және жояды;
жуу, дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, азық-түлік объектілерін мұқият тазалайды, ыдыс-аяқ пен құрал-жабдықтарды қайнатады;
тамақтандыру жұмыскерлерінің және ас үй бойынша нарядтағы адамдардың жеке гигиенаны сақтауын бақылауды күшейтеді;
2) судан улану кезінде:
сумен жабдықтау жүйесінің, оның ішінде тарату жүйелерінің ластану себептерін айқындайды және жояды;
су құбырлары құрылыстарын, су немесе су көздеріне арналған ыдыстарды дезинфекциялайды;
сапасы кепілдендірілген ауыз сумен мекемелерде ұсталатын адамдарды дереу қамтамасыз етеді.
74. Эпидемияға қарсы іс-шаралары өткізу кезінде инфекцияның эпидемиологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
Іш сүзегі мен паратиф кезінде эпидемиологиялық талдауды жеңілдету үшін тифопаратифозтық аурулар пайда болған жағдайларда, инфекция көзі ретінде осы тасымалдаушы күдік тудырған жағдайда іш сүзегі мен паратиф бактериясының созылмалы тасымалдаушысында ол шығаратын бактериялар фаготипі белгіленеді және медициналық амбулаториялық картада көрсетіледі.
75. Тасымалдаушы басқа мекемеге кеткен кезде ол туралы мәліметтер аумақтық СЭҚБ-ге, босаған кезде ТҚҚК аумақтық департаментіне хабарланады (науқастың кету мекенжайы бойынша).
76. А, В, С, Д, Е вирусты гепатитпен ауырғандар айқындалған кезде эпидемиологиялық талдау, диагностика және емдеу жүргізіледі.
77. Ауа-тамшылық жұқпалы аурулардың негізгі алдын алу іс-шаралары:
жатақханаларды, камераларды, тамақ блоктарын, клубтарды және басқа үй-жайларды гигиеналық ұстау (температуралық режимді, желдету режимін, тазалау режимін сақтау);
жіті респираторлық вирустық аурулармен және тұмаумен ауырғандарды белсенді түрде анықтау және уақтылы оқшаулау;
профилактикалық егулер.
Ауру өршіген кезде оқшаулау-шектеу іс-шаралары жүргізіледі.
78. Тұмаумен күресудің ең тиімді шарасы вакцинопрофилактика болып табылады, ол жұқпалы аурудың эпидемиялық даму кезінде жүргізіледі.
79. Дифтерия ауруы және менингокок инфекциясы тіркелген жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар және емдеу жүргізіледі.
80. Мекемелерде ұсталатын адамдар медициналық көмекке жүгінген кезде және аса қауіпті инфекция (холера, туляремия, геморрагиялық қызу, Ку-қызбасы, лептоспироз, бруцеллез, сібір ойық жарасы) белсенді түрде анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шаралар және емдеу жүргізіледі.
81. Ұйымдастырылған ұжымдарда санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтауға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету (санитариялық өткізу пункттермен, моншалармен, кір жуу бөлмелерімен, душпен, ыстық сумен, іш киіммен қамтамасыз ету) мекемелердің бастықтарына жүктеледі.
МБ бастығы педикулезге шалдыққан адамдарды анықтау мен санациялау мақсатында мекемелерде ұсталатын адамдарды жоспарлы қарауды ұйымдастырады және жүргізеді.
Педикулездің әрбір анықталған жағдайы туралы медициналық жұмыскер СЭҚБ-ге хабарлайды.
Медициналық бөлімдер педикулезге қарсы өңдеуді өткізуге арналған арнайы жинақпен қамтамасыз етіледі.
Мекемелерде ұсталатын адамдар кемінде жылына 4 рет педикулезге тексеруге жатады, сондай-ақ мекемеге келу және одан шығу кезінде қаралады.
82. Малярия және гельминтоз, паразитарлық аурулармен ауыратын науқастар және тасымалдаушылар анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шаралар және емдеу жүргізіледі.
83. Кене энцефалит ауруының алдын алу үшін табиғи ошақта мекемелерде ұсталатын адамдар болған уақытта кене шабуылдарынан жеке қорғану жөніндегі шараларды қолдану қажет:
кенелердің кіруіне кедергі жасайтын киім болуы тиіс;
кіретін және соратын кенелерді табу үшін дүркін-дүркін (2-4 сағат сайын) өзіндік және өзара тексерістер (кенелердің соруы ауыртпайды);
киім-кешекті үркітетін жабдықтарды-репеллентер қолдану;
мекемелерде ұсталатын адамдар жиі келетін жергілікті оқшауланған учаскелерді инсекцидтермен (сұйық ерітінділерімен, бүркуіштермен) тазалау қажет.
Кене энцефалитімен ауыратындарды анықтауды медициналық көмекке жүгінген жағдайда медициналық жұмыскерлер жүзеге асырады.
84. Сіреспе ауруы пайда болуының алдын алу үшін жарақат жағдайларында жедел профилактика (хирургиялық өңдеу және иммунологиялық қорғауды жасау) жүргізіледі.
85. Мекемеде ұсталатын адамдарда ботулизм ауруына күдіктілер болған кезде эпидемиологиялық тексеріс жүргізіледі.
Клиникалық тамақ токсикоинфекциясы байқалған және ботулинистік токсикоинфекциясына күдік тудырған адамдар азаматтық денсаулық сақтау секторының емдеу-профилактикалық мекемесіне жатқызылады.
86. АИТВ-инфекциясына иммуноблотингтің оң нәтижесі бар адамдар мекемеде және ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтарда диспансерлік бақылауға жатады.
АИТВ-инфекциясын жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын адамдарды одан әрі қадағалауды мекеме және ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтар жүзеге асырады.
Параграф 4. Дезинфекциялық іс-шараларды өткізу
87. Дезинфекциялық іс-шаралар профилактикалық және ошақтық болса, олар өз кезегінде ағымдағы және қорытынды дезинфекция болып бөлінеді.
88. Профилактикалық дезинфекциялау жүйелі түрде жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында патогенді микроорганизмдерді, мүшелі аяқтылар мен кеміргіштердің жиналуы мүмкін деген орындарға: асханаларда, шаштараздарда, жатақханаларда, моншаларда, кір жуу орындарында, жуыну бөлмелерінде, дәретханаларда және мекеменің басқа да үй-жайларында жүргізіледі.
89. Ағымдағы дезинфекция мекемелердегі медициналық бөлімдердің стационарларында, түзеу мекемелерінің ауруханаларында, оқшауланған учаскелерінде туберкулезбен ауыратындарды диспансерлік бақылау үшін, сондай-ақ уақытша немесе тұрақты ұсталатын кез келген басқа үй-жайлардағы науқастарға да жүргізіледі.
90. Қорытынды дезинфекциялау жұқпалы аурумен ауыратын науқас жатқан үй-жайды (оны ем қабылдауға жатқызғаннан, оқшауланғаннан, ауыстырғаннан, босатқаннан немесе өлгеннен кейін), бір рет инфекцияланған ошақты инфекция қоздырғыштарынан толық залалсыздандыру мақсатында жүргізіледі. Залалсыздандыруға үй-жай, төсек жабдықтары, жиһаздар мен науқастың жеке заттары жатады. Киім мен төсек жабдықтарын дезинфекциялау (дезинсекциялау) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Журналға тіркеледі.
Қорытынды дезинфекциялау жұқпалы аурумен ауырған науқас оқшауланғаннан кейін алғашқы сағаттарда жүргізіледі.
Дезинфекциялау жұмысының сапасы санитариялық-көрсеткіш флорасына бактериялық бақылау арқылы тексеріледі.
91. Дезинфекциялау іс-шараларын мекемелерде МБ дәрігерлерінің немесе фельдшерінің басшылық етуімен дезинфекторлар жүргізеді.
92. Дезинфекциялық құралдар мен материалдарға деген қажеттіліктер тиісті мерзім аралығына жоспарланған эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды қолдануда дезинфекциялау жұмыстарының сипаты мен көлемін анықтайды.
93. Дезинфекциялау құралдарына тапсырыс жасау кезінде кейінгі жылдың нақты шығындарын есептеумен бірге эпидемиологиялық жағдайдың болжамдарын, сондай-ақ өткізілетін іс-шараларды жаңа дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етудің мүмкіндігі ескеріледі.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Дайын тағамның сапасын органолептикалық бақылау журналы
20__ жылғы "__" _____ арналған мәзір | Тағамды дайындау күні, уақыты | Тағамның дайындалу деңгейін қоса алғандағы органолептикалық бағасы | Іске асыруға рұқсат (уақыт) | Жауапты орындаушы (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) | Медициналық қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы | Мекеме бастығының кезекші көмекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, қолы | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Мекеме асханасының жұмыскерлерін медициналық тексеру журналы
Күні | Жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты | Мамандығы | Тері қабатының, тері асты қабатының және кілегей қабықшасының жай-күйі | Денсаулық жағдайына қатысты түскен шағымның бар-жоғы | Медициналық қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Киімдерді және төсек жабдықтарын залалсыздандыруды
(дезинсекциялауды) тіркеу журналы
№ | Күні | Тегі, аты, әкесінің аты | Диагнозы | Залалсыздандыру объектілерінің саны | |||||
матрастар | көрпелер | жастықтар | киімдер | аяқ киім | өзге заттар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Қосымшаның келесі беті
Залалсыздандыру (дезинсекциялау) режимі, температурасы, ауа қысымы | Залалсыздандыруда ұстау уақыты | Залалсыздандырушының қолы | |
Басталуы | Аяқталуы | ||
11 | 12 | 13 | 14 |
Ескертпе: Профилактикалық залалсыздандыру жүргізілген жағдайда, журналдың 4 "ауру диагнозы" бағанынан басқасының барлығы толтырылады. Егер, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша өңдеу жасалған жағдайда (жұқпалы ауруы бар науқас анықталған кезде) ауру диагнозы көрсетіле отырып, барлық бағандар толтырылады.