Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/102 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 сәуірде № 4114 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № А-10/427 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 16.10.2014 № А-10/427 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 ақпандағы № С 30-3 «Ауылдық қызметші болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдық тізбесін келісу туралы» шешімі негізінде, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Ақкөл ауданы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесін анықтау туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № А-12/468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3609 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 қаңтарда «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» аудандық газеттерінде жарияланған) қаулының күшi жойғандығы танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Т. Әбдірахмановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т.Едігенов

Ақкөл ауданы әкімдігінің    
2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/102
қаулысына қосымша       

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      үйдегі әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қызметкер, бағалау және арнайы әлеуметтік қызмет қажеттіліктерін анықтайтын әлеуметтік жұмыстың маманы;

      2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, барлық мамандағы мұғалім, тәрбиеші, методист; музыка жетекшісі, көркем жетекшісі, оқытушы-психолог, бастауыш, мастер, нұсқаушы, мұғалім, әлеуметтік педагог, дефектолог, логопед, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, медбике, диеталық медбике.

      3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
      мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, кітапхана меңгерушісі, клуб жетекшісі, аккомпаниатор, музыка жетекшісі, кітапханашы, библиограф, методист, хореограф.