РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 ақпандағы № С 30-3 "Ауылдық қызметші болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдық тізбесін келісу туралы" шешімі негізінде, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Ақкөл ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/102 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4114 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 мамырда "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" аудандық газеттерінде жарияланған) қаулының күшi жойғандығы танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Т.Әбдірахмановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ақкөл ауданы әкімі | Т.Едігенов |
КЕЛІСІЛДІ:
Ақкөл ауданы мәслихатының хатшысы | Ж.Т.Салыбекова |
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № А-10/427 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:үйдегі әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қызметкер, бағалау және арнайы әлеуметтік қызмет қажеттіктерін анықтайтын әлеуметтік жұмыстың маманы.
2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, барлық мамандағы мұғалім, тәрбиеші, методист, музыка жетекшісі, көркем жетекшісі, оқытушы-психолог, бастауыш, мастер, нұсқаушы, мұғалім, әлеуметтік педагог, дефектолог, логопед, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, медбике, диеталық медбике.
3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, кітапхана меңгерушісі, клуб жетекшісі, аккомпаниатор, музыка жетекшісі, кітапханашы, библиограф, методист, хореограф.