РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Омароваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі Ж.Жұмағұлов
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ А-3/506 қаулысымен
бекітілген
«Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкше-Ветсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ведомствосы бар.
3. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 142 А үй, 1 пәтер.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жануарлардың аса қауіпті ауруларынан және энзоотиялық ауруларынан ветеринариялық қолайлылық негізінде Көкшетау қаласының азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
15. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) даму үстіндегі нарықтық қатынас жағдайында аграрлық сектор экспорттық мүмкіндіктерін көтеру;
2) Көкшетау қаласының стратегиялық жоспарлары мен жекелеген бағдарламаларын жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен белгіленген міндеттерді шешу;
4) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
5) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру барысында қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою;
8) «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты сұрақтар бойынша жоғары тұратын ұйымдарға есеп және ақпараттар ұсыну;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтары.
16. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) облыстық жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстарды бекітуге енгізу;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3) көмілдірулерді құрылысын ұйымдастыру (биотермиялық шұңқырлар) және оларды ветеринарлы (ветеринарлық-санитарлық) талаптарға сай ұстауды қамтамасыз ету;
4) қызығушылық танытқан тұлғаларға жүргізілетін ветеринарлық іс шаралар туралы ақпаратты ұсынуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануар тектес өнім мен шикізатты дайындауды (сою), сақтауды, қайта өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс нысандарын пайдалануға беру бойынша, сондай-ақ ветеринарлық препараттардың, мал азықтардың және мал азықтық қоспалардың өндірілуі, сақталуы және сатылуы бойынша мемлекеттік комиссия ұйымдастыру;
7) адамның және жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін жануар тектес өнімдерді және шикізаттарды жануарлардан айырмай-ақ зиянсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8) зиянсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өнделген адамның және жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін жануар тектес өнімдердің және шикізаттардың жануарлардан айырмай-ақ иелеріне құнын өтеу;
9) Көкшетау қаласының аумағындағы жануарларда жұқпалы аурулар пайда болған жағдайда осы аймақтың бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша карантинді немесе шектеу іс шараларын белгілеу туралы шешімді қабылдау;
10) Көкшетау қаласы аумағында жануарлардың жұқпалы аурулар ошақтарын жою бойынша ветеринарлық іс шаралар кешенін өткізгеннен кейін осы аймақтың бас мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша карантинді немесе шектеу іс шарасын алып тастау туралы шешім қабылдау;
11) тиісті әкімшілік–аймақтық бірлік аймағында жануарлардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық іс шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
12) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті жануарлар ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
13) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастыру;
14) ауыл шаруашылық жануарлардың жеке нөмірлерге деген қажеттілігін анықтау және облыстың жергілікті атқарушы органға ақпарат беру;
15) ветеринарлық есепті, есептемені талдау, жинақтау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органға ұсыну;
16) облыстың жергілікті атқарушы органына ветеринарлық іс-шара бойынша, жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды алдын алу бойынша ұсыныстар енгізу;
17) облыстың жергілікті атқарушы органына бюджет қаражаты есебінен жүзеге асатын жануарлардың энзоотиялық аурулар тізбесі бойынша, оларды алдын алу және диагностикалау бойынша ұсыныстар енгізу;
18) ветеринарлық препараттардың республикалық қорынан басқа бюджеттік қаражатқа алынған ветеринарлық препараттардың сақталуын ұйымдастыру;
19) облыстың жергілікті атқарушы органына сәйкес Көкшетау қаласының аймағында ветеринарлық–санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
20) ауру жануарларды санитарлы түрде союды ұйымдастыру;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелген басқа да өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай жүзеге асыру.
17. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардың қажетті ақпаратты сұратуға және алу;
2) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық қағидалар мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату туралы шешімдер шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болу;
3) белгіленген тәртіппен эпизоотикаға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсыныстар жасау;
4) жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныс шығару;
5) жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсынысын шығару;
6) жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардың алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдау;
7) жедел статистикалық және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жетілдіру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Көкшетау қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады;
2) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өкілеттік шеңберін және міндеттерін анықтайды;
3) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметшілерін лауазымға тағайындайды және жұмыстан босатады;
4) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
5) мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
6) мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшілерінің ережелерін бекітеді;
7) мемлекеттік мекеменің атынан мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда өкілеттілік етеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асырады.
«Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңмада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.