Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiне, әскери оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына пошта жөнелтiлiмдері үшiн ақшалай өтемақы мөлшерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 622 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10324 тіркелді

Қолданыстағы

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiне, әскери оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына пошта жөнелтiлiмдері үшiн айына сомасы 130 теңге ақшалай өтемақы мөлшерi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бюджеттік жоспарлау және қаржы департаментінің бастығы:
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.
      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
      5. Бұйрық алғаш жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 И. Тасмағамбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры
      1-сынып мемлекеттік
      заң кеңесшісі                              А. Дауылбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      2015 жылғы 15 қаңтар                       Б. Сұлтанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет
      қызметі бастығының міндетін уақытша атқарушы
      генерал-майор
      2014 жылғы 30 желтоқсан                    Қ. Оразқұлов       

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
      2015 жылғы 8 қаңтар                        Н. Әбіқаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-лейтенанты
      2015 жылғы 12 қаңтар                       Қ. Қасымов