"Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 105-1808 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 қарашада № 851 болып тіркелді

Жаңартылған

      «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 18-бабының 18-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 24 маусымда № 633 болып тіркелген, 2010 жылғы 1 шілдедегі № 70 (2536) «Астана ақшамы» және 2010 жылғы 1 шілдедегі № 75 (2532) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміндегі:
      реттік нөмірі 24 жол алып тасталсын.
      2. «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын жүргізсін.
      Ескерту. 2-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 20.02.2015 № 105-249 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Ә. Жақсыбеков